AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Берешегі 90 күннен асқандарға несие берілмейді

Берешегі 90 күннен асқандарға несие берілмейді

Әлеумет 11.01.2023, 11:39 1,161
Берешегі 90 күннен асқандарға несие берілмейді
Сурет: BAQ.KZ

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.


Мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыз бен микрокредиттер беруге шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Агенттік Президент тапсырмасын орындау үшін кепілсіз тұтынушылық кредит беруді реттеу бойынша қосымша жүйелі шаралар әзірлеген.



«Күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттер беруге шектеулер енгізіледі. Бұл шара төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушыларға жаңа кредит беруді және борыш жүктемесінің өсуін шектейді», - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.



Сондай-ақ борыш жүктемесін шектеу үшін банктердің жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәнін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіледі.



«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жылдық тиімді мөлшерлеме пайыздық маржа, тәуекел үшін сыйақы, операциялық шығыстар және қорландыру құны сияқты нарықтық факторларға байланысты белгіленеді. Тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төрелігін жою үшін микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық микрокредиттері бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу қосымша қатаңдатылады», - деді агенттік төрағасы.



Коллекторлар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін


Әбілқасымованың айтуынша, коллекторлық қызметті реттеуді қатаңдату үшін нарық субъектілеріне әкімшілік айыппұл мөлшерін 2 есе (300 АЕК-тан 600 АЕК-ке дейін) арттыруды, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің дербес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.



«2022 жылғы қарашада Үкіметке тиісті түзетулер енгізілді және олар бойынша белгіленген тәртіппен келісу рәсімдері жүргізіліп жатыр», - деді ол.



Бұған қоса, борышкерлерді коллекторлардың заңсыз іс-әрекетінен қорғау үшін биыл банктер мен микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімдері жүргізілмеген кредиттерін сатуына қатысты заңнамалық шектеулерді енгізу мәселесі пысықталады.


Сондай-ақ, коллекторлар сатып алған кредиттер бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізуге міндеттелуі мүмкін. Агенттік осындай заңнамалық талап енгізуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит #борыш #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика