AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» 645 мыңна...

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» 645 мыңнан астам қартқа қызмет көрсетілді

Әлеумет 11.01.2024, 05:55 1,159
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» 645 мыңнан астам қартқа қызмет көрсетілді
Сурет: dalanews.kz

2023 жылы Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қарт тұрғындарға 645 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мегаполисте барлығы 10 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы Белсенді ұзақ өмір сүру Мемлекеттік орталығында тіркелген 2 245 зейнеткер 86,5 мың қызмет алған.


Аудан әкімдіктері жанынан жұмыс істейтін 9 белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 8 101 зейнеткер бос уақыттарын өткізді, 559 мыңнан астам қызмет алынды.



 «Орталықтардың қызметі егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, олардың ақыл-ой, шығармашылық, қоғамдық қызметке белсенді тартылуына және ұрпақтар сабақтастығына жәрдемдесуге бағытталған. Мұнда сауықтыру қызметтері көрсетіледі, түрлі бағыттар бойынша курстарда оқыту, бос уақыт өткізіледі, сондай-ақ қарт адамдармен қарым-қатынас жасау және психологиялық жалғыздық мәселелерін шешу мүмкіндігі беріледі. Тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Бостандық және Медеу аудандарында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ жанынан екі бөлімше ашу мәселесі қарастырылуда», - деді Б. Жаубасов.



Спикер аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтарының қызметіне де тоқталды. Қалада барлығы 71,7 мың адамды қамтитын 9 «Бақытты отбасы» орталығы бар. Бұдан басқа, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 15 бөлімшесі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 3 661 бала қосымша білім алды. Осал санаттағы 230 педагог (зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы аналар) жобаны іске асыру үшін тұрақты негізде жұмысқа орналастырылды.



 «Республикада отбасылық саясатты іске асырудың басым бағыттарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік осал отбасылардың әртүрлі санаттарын теңгерімді қолдау қажеттілігіне сәйкес, 2024 жылы көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ,  мүгедек балалары бар және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды кеңейте отырып, «Бақытты отбасы» орталықтарын отбасын қолдау орталықтарына қайта форматтауды жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды спикер.



Қорытындылай келе, басқарма басшысы Бауыржан Жаубасов 70 мың адам қамтылатын әлеуметтік жобаларды іске асырудың жалғасатынын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін 15:10

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24

Владимир Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);