AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтт...

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Өмір-өзен 16.04.2026, 08:56 548
Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram желісіндегі арнасында Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сайтындағы мәліметке сүйенсек, Есмұхан Обаев Қазақ КСР-інің халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор.

Әр жылдары Обаев Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері, Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және бас қоюшы-режиссері қызметтерін атқарды.

1994 жылдан 1997 жылға дейін Мәдениет министрінің орынбасары, Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет департаментінің басшысы болды.

1997 жылдан 2001 жылға дейін — Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

2001 жылдан 2013 жылға дейін Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі болды.

2013 жылдан бастап Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс берді.

Режиссер ретінде Обаев 50-ден астам спектакль қойды, оның ішінде Әуезовтің "Абай", "Айман — Шолпан", Гогольдің "Ревизор", Сапарбайдың "Сыған серенадасы", Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді", Исабековтің "Балуан Шолақ", Толстойдың "Анна Каренина" деген туындылары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты

Бүгін 16:05

Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді

Бүгін 15:13

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:50

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 14:05

Бельгия Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);