Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Белгілі қазақ тарихшысы Амангелді Құсайынұлы өмірд...

Белгілі қазақ тарихшысы Амангелді Құсайынұлы өмірден озды

Өмір-өзен 19.02.2022, 12:40 2,183
Белгілі қазақ тарихшысы Амангелді Құсайынұлы өмірден озды
Cурет: Ашық дереккөз

Бүгін 80 жасқа қараған шағында белгілі тарихшы ғалым, ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі  Амангелді Құсайынұлы Құсайынов өмірден озды.  Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов facebook-тегі парақшасында жазды.



«Қаралы хабарды естігенде қазақ тарих ғылымының тағы бір бетке ұстар азаматы, еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар қайраткер тұлға бұл өмірден қайтты-ау деп қабырғамыз қайысты. Ағамызды 1994 жылдан бері жақсы білетінмін. Кездескенде өзінің ағалық ақыл – кеңесін беруден аянбайтын. Біз туып - өскен Омбы облысында жетімдер үйінде тәрибеленгенін де айтып жүрушеді»,-деп жазды тарихшы.



Амангелді Құсайынұлы 1942 жылы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. 


1960 жылы еңбек жолын орта мектеп мұғалімі болып бастаған ол, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп Алматы медицина институтында оқытушы қызметінде істеген. Кейін партия қызметіне ауысып Алматы қаласы Совет аудандық комитетінің аппаратында, одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доцент, проректор, аға ғылыми қызметкер, профессор болып қызметтерін атқарған. 1992-1996 жж. С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің, 1996-2000 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметін атқарып, басшы ретінде университеттің ғылыми-педагогикалық, материалдық – техникалық потенциалын нығайтуда үлкен қайраткерлік көрсетті. 
2000-2004 жылдары ҚР Жоғарғы аттестациялық комиссиясының төрағасы. 2004-2007 жылдары – Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті болды. Ал 2007 жылдан Еуразия гуманитарлық институтының ректоры болған еді. Қай қызметте болмасын бар ынта-жігерімен жұмыс істеген ол кісі әр қашан іскерлігінмен, керемет ұйымдастырушы басшы, қарапайым азамат бола білді. 


Отандық тарих ғылымының дамуына да үлкен үлес қосты. Еңбек еткен жылдарында көптеген дарынды, ізбасар-әкімшілерді және жас шәкірттер мен ғалымдарды тәрбиеледі. Амангелді Құсайынұлының   жетекшілігімен «Отан тарихы» мамандығы бойынша төрт докторлық, он алты кандидаттық диссертациялар қорғалды.  


Еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту ордені, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасымен, басқа да медельдермен марапатталған. Күрестен – спорт шебері.



«Амангелді Құсайынұлы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, өзінен кейін өсіп келе жатқан жас ғалымдарға қамқор бола  білетін ұлағатты ұстаз, адамгершілігі мол абыройлы азамат еді. Қабырғасы қайысқан қалың жұртшылыққа қаза қайырлы болсын. Ағамыз Амангелді Құсайынұлының ендігі бара жері – жұмақ, иманы салауат, қараңғы қабірі – жарық болсын! Көрмеген қызығы мен қуанышын артындағы ұрпақтарына берсін! Алла алдынан жарылқасын деп көңіл айтамыз!»,-деп жазды Қабылдинов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарихшы #Амангелді Құсайынұлы #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды

Бүгін 12:19

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі