конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Белгілі ғалым тек бие сүтінде кездесетін пайдалы э...

Белгілі ғалым тек бие сүтінде кездесетін пайдалы элементтерді атады

Білім және ғылым 26.09.2022, 16:00 2,043
Белгілі ғалым тек бие сүтінде кездесетін пайдалы элементтерді атады
Cурет: Ашық дереккөз

Бие сүтінде керемет гамма – линолен деген қышқыл бар


Қазақ тағамтану академиясының президенті, ғалым Төрегелді Шарманов бие сүтінің пайдалы қасиеті туралы айтты деп хабарлады Almaty-akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.


Ғалымның айтуынша, бие сүті асты жеңіл қорытады. Бие сүтіндегі май қанықпаған. Трансизомер жоқ. Ол – қазіргі заманда адам денсаулығына пайдалы қасиет.



«Жалпы алғанда, бие сүтінің қасиеті мен құрамы осы уақытқа дейін өзінің лайықты бағасын алмай келеді. Бүгінге дейін бие сүті тек қымыз, саумал ретінде пайдаланылуда. Оның құрамы көптеген сирек кездесетін химиялық элементтерге, дәрумендерге, минералдық заттектер мен ферменттерге бай және олардың айрықша физиологиялық бірігуімен берілген. Пайдалы элементтердің осындай ерекше бірігуі табиғатта басқа жануарлардың сүтінде кездеспейтін, тек бие сүтіне ғана тән құбылыс», – деді Төрегелді Шарманов.



Бие сүтінде анықталған бром ұйқысыздық, депрессия секілді жүйке жүйесі ауруларын кешенді емдеуде қолдануға болады. Бие сүтінің тағы бір ерекшелігі, ол қайнатуға келмейді, оған стерилизация, пастерилизация жасауға болмайды. Ал басқа жануарлардың сүттерін, мысалы, сиыр, ешкі, қой сүттерін міндетті түрде қайнату, пастерилизациялау қажет.



«Бие сүтінде керемет гамма – линолен деген қышқыл бар. Бұл керемет дүние, оның құрамы «омега-6-дан» тұрады. Ол атеросклерозға, бактериялар мен вирустарға қарсы әрекет етуіне байланысты жұқпалы аурулардан қорғайды, ағза үшін иммунитетті арттыратын қорғаныстық қасиеті басым», – дейді ғалым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бие сүті #ғалым #Төрегелді Шарманов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);