AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бектенов отандық өндірушілер тізіліміндегі мәселел...

Бектенов отандық өндірушілер тізіліміндегі мәселелерді атап өтті

Экономика Бүгін 13:00 49
Бектенов отандық өндірушілер тізіліміндегі мәселелерді атап өтті
Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің тиімділігін арттыру және оны мемлекеттік сатып алуларда қолдану аясын кеңейту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Нақты қолдау тетігін, сондай-ақ тауарлардың шығу тегінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін осы жылдың басынан бастап Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылды. Оның көмегімен 70 мыңнан астам тауар позициясы бойынша 2700-ге жуық өндірушінің қызметі расталды. Бұл тетік құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында ғана емес, жеңілдікпен қаржыландыру алу кезінде де белсенді қолданылуы тиіс еді. Сол үшін мемлекеттік сатып алу аясында тек отандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлар тізбесін кеңейттік»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша жасалған шарттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендегені баса айтылды. Премьер-министр кәсіпорындардан өз мәртебесін растау рәсімдерінің созылып жатқаны туралы шағымдар үнемі түсетінін атап өтті. Бұл сатып алу саласында және тізілім жұмысында бірқатар мәселелердің бар екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында орасан зор резервтер бар. Бұл ретте қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың отандық кәсіпорындардан тауар сатып алу көрсеткіші небәрі 17%-ды құрады.

Премьер-министр жағдайды жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:

  • мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпорындардың өтініштерін ескере отырып, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қысқа мерзімде жетілдіріп, меншікті өндірістің бар-жоғын онлайн режимде тексеруді қамтамасыз ету үшін оның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен ықпалдастыру аясын кеңейтуді;
  • Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, үш ай ішінде Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу рәсімін өтінімдерді қарау мерзімдерін белгілей отырып, мемлекеттік қызмет форматына ауыстыруды тапсырды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #өндіріс #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);