Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін ре...

Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді

Әлеумет 11.07.2024, 11:01 828
Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді
primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау.

Сорғы стансасының аумағында Үкімет басшысы мегаполистің жоғарғы аудандарын сумен қамтамасыз етудің резервтік жүйесін салу жұмысының қарқынын тексерді.

Жобаның маңызы жер үсті суларына тәуелділікке байланысты. Бұған дейін 2023 жылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте селдің көбеюі және өзен суы лайлануының артуына байланысты Президент қаланың жоғарғы бөлігіне ауыз су беруді шектемеу үшін аталған мәселені шешуге тапсырма берген болатын.

Мәселен, Алматы 6 негізгі көзден: Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінен және Алматы мен Талғар кен орындарының жерасты су жинағышы арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

Қала тұрғындарын сумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Талғар жерасты су жинағышынан тәулігіне 17 мың м3 көлемінде қолданыстағы желілерді қосымша толықтыруға жағдай жасалды.

Жоба қуаттылығы 15 мың м3 болатын жаңа 6 ұңғыма салуды және қуаттылықты 60%-ға арттыра отырып, 6 сорғы стансасындағы 14 сорғыны толық ауыстыруды көздейді.

Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Президенттің резервтік жүйе туралы тапсырмасының орындалғанын баяндады. Мәселен, сумен жабдықтаудың ағымдағы жалпы қуаты тәулігіне 1,3 млн м3-ты құрайды, ал қаланың орташа тұтыну нормасы – тәулігіне 700 мың м3.

Сонымен қатар Премьер-министрге Алматы қаласының барлық тұрғынын орталықтандырылған сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы баяндалды. Өткен жылы 117 шақырым су құбыры салынып, 46 шақырымы жаңғыртылды, бұл Алматы тұрғындарының 99,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешу үшін 4 су жинағыш құрылысы мен жобасы жүргізілуде.

Биыл 142 шақырым инженерлік коммуникация салу және 48 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қабылданған шаралар жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6%-ын орталық сумен қамтуға және желілердің тозу деңгейін 53,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы халықтың ауыз суға қол жеткізуінің маңыздылығын атап өтіп, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сумен қамту – стратегиялық мәселе. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі – әкімдіктің басты міндеті. Өткен жазда мәселе бар екені байқалды. Сондықтан барлық басталған жобаларды аяқтау маңызды. Әкімдік әзірлеп жатқан Алматы қаласын сумен жабдықтау схемасында тұрғывндарды сумен түрлі баламалы көздерден қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #сумен тұрақты қамтамасыз ету #үкімет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика