конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бекмырза бес жылға сотталды

Бекмырза бес жылға сотталды

Заң мен тəртіп 03.08.2023, 05:34 1,236
Бекмырза бес жылға сотталды
Сурет: видеодан алынды

«Алматыэлектротранс» компаниясын басқарған Бекмырза Игенбердинов ұрлық жасауға әрекеттенгені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.




Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы басшысы Бекмырза Игенбердиновке қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Жоғарғы Соттың сайтында жарияланған үкімге сәйкес, ҚР ҚК (бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу) 190-баптың 2-тармағының 4-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.


Игенбердинов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, соттарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. «Алматыэлектротранс» экс-басшысы жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.





Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде оның екі кішкентай баласы бар екенін ескерді.




Бекмырза Игенбердинов бұған дейін «Жібек жолы», «Астана LRT» және «City Transportation Systems» ЖШС-да түрлі қызмет атқарған. 2022 жылға дейін «Алматыэлектротранс» ЖШС бас директоры болды. 2022 жылдың қыркүйек айының соңында Игенбердинов жүргізілген тергеу шараларына байланысты «Алматыэлектротранс» басшысы қызметінен босатылып, қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматыэлектротранс» компаниясының экс-басшысының кәсіпкерден атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып, оны төлегені үшін 160 мың доллар алғанын хабарлады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бекмырза #сотталды #кінәсін мойындады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04

Алматылық "Қайрат" ФК Болгарияға аттанды

Кеше 14:19

Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз із-түзсіз жоғалып кетті.

Кеше 11:13

Алматының тұрғындарына ескерту жасалды

Кеше 09:39

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

01.08.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);