Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бекіре-2024» браконьерлерге 3,1 млн теңгеге айыпп...

«Бекіре-2024» браконьерлерге 3,1 млн теңгеге айыппұл салды

Әлеумет 12.04.2024, 12:15 1,292
«Бекіре-2024» браконьерлерге 3,1 млн теңгеге айыппұл салды
Cурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2024 жылғы 28 наурызда ауыл шаруашылығы және ішкі істер министрліктері, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.


Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР ҰҚК құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 116 бұзушылығын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нәтижесінде 52 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, браконьерлік және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 3,1 млн теңге айыппұл салынды.


Бұдан басқа, заңсыз айналымнан 2,6 тоннаға жуық балық тәркіленді, оның ішінде 505 килограмм бекіре тұқымдас балықтар, 3,5 килограмм бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы, 15 бірлік балық аулау құралдары және 10 бірлік су көлігі.


Күн сайын өзен арнасы мен теңіз суын тазарту нәтижесінде су қоймаларынан жалпы ұзындығы 160 км-ден асатын 521 заңсыз балық аулау құралдары алынды. Айта кетейік, балық қорғау акциясы жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бекіре #Браконьерлер #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика