AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бейсенбі қандай ауа райы болжамы күтіледі?

Бейсенбі қандай ауа райы болжамы күтіледі?

Өмір-өзен 11.11.2021, 03:16 1,623
Бейсенбі қандай ауа райы болжамы күтіледі?
Сурет: Kt.kz

Елдің басым бөлігінде бұрқасынды, тұманды ауа райы болады


11 қараша күні республиканың басым бөлігіндегі ауа райын циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Соған орай жауын-шашын күтіліп, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің шығысы, орталығы және оңтүстігі жоғары қысымды алқап ықпалында болғандықтан, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Қазақстанның басым аумағында желдің күшеюі, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Сондай-ақ батыс, солтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.


Ақтөбе облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында желдің күші 5-20 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.


Павлодар облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болжанады. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-23 м/с құрайды. Қ


арағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы және оңтүстік аудандарында тұман, түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.


Атырау облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с артады, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #циклон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);