Бейбіт Жукаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жукаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жукаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды


Жарыстың 5-ракеткасы Жукаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді.


Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.


Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21