AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласыны...

Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымы ашылады

Мәдени Алматы 30.09.2024, 16:04 2,603
 Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымы ашылады
Cурет: Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

2024 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызында сағат 19:00-де Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 89-шы жаңа маусымының ашылуына арналған концерті өтеді

Кеште Қазақстанның халық әртісі иегерлері - Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев қонақ болып, өз өнерін көрсететін болады. Бағдарламада қазақ және шетел композиторларының шығармалары орындалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Капелланың Көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов.

Кеш қонақтары:

Қазақстанның халық әртістері:

Роза Рымбаева

Айгүл Үлкенбаева

Рамазан Стамғазиев

Халықаралық байқаулардың лауреаты:

Фархат Кубиев

Әзиза Әбдрейм

Дияр Нұрсұлтанов

 

Бағдарламада:

С.Сейфуллин – «Тау ішінде»

С.Бәйтереков – «Күй»

М.Сағатов - «Жайлауда»

Ғ.Жұбанова - «Жалғыз емен»

Л.Хамиди - «Бұлбұл» хорға өңд. А.Молодов

О.Лассо – «Эхо»

С.Рахманинов – «Богородице дева, радуйся»

Г.Свиридов – «Наташа» «Пушкинский венок» хор концертінен

Г.Свиридов  - «Стрекотунья белобока»

З.Кодай – «Ел цыган соленый сыр»

Б.Байқадамов – «Би күйі»

Б.Байқадамов - «Су тасушы қыз»

Қаз. хал.әні – «Ахау керім»

Жаяу Мұса – «Ақсиса»

Қаз.хал.әні – «Аққурай»

Қаз.хал.әні – «Елигай»

Қаз.хал.әні – «Жайдарман»

Қаз.хал.әні – «Шолпан»

Е. Үсенов - «Кербез сұлу» өңд. Ә. Толықпаев

Алтынай - «Ақжелең»

Ақан Сері - «Шырмауық»

Ақан Сері – «Мақпал»

Абай - «Желсіз түнде жарық ай»

Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы 1935 жылы Дмитрий Мацуцинның басқаруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы қабырғасында  шағын хор болып құрылды. Ұжымның халық өнеріне аянбай қызмет етуінің арқасында 1939 жылы Қазақ КСР үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік хор капелласы дәрежесі берілді. Сондықтан, хор капелласының Мемлекеттік дәрежені алғанына биыл 85 жыл толып отыр. Ал, 1935 жылдан бастау алған ұжым бүгін 89-шы концерттік маусымын ашады. Жалпы, 2025 жылы Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының құрылғанына 90 жыл толады.

Ұжымның қалыптасып дамуына Борис Лебедев, Латиф Хамиди, Борис Орлов, Бақытжан Байқадамов, Галина Виноградова зор үлестерін қосты. 1959 жылдан 1991 жылға дейін хор капелласын КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Осы жылдары еліміздің музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін капеллаға 1967 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы» атағы берілді. Ұжым репертуарында халық әндері мен күйлерінің хорға арналған өңдеулері,  поэмалар, орыс және шетел классиктерінің көрнекті шығармаларының кантаталары мен ораториялары, сонымен қатар М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Е. Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М.Сағатов, С.Мұхамеджанов сынды Қазақстандық композиторлардың туындылары орын алған. Бүгінгі күні ұжым репертуарында жалпы бес жүзден астам шығарма бар, олар әлем халықтарының 20 тілінде орындалады. Бүгінде әлемнің бірегей ұжымдарының қатарындағы капелла елімізбен қатар, алыс жақын шет елдерде, оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Германия, Үндістан, Қытай Республикасы, Венгрия, АҚШ  елдерінде өнер көрсеткен. 

Биыл Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының құрылғанына 89 жыл толып отыр. Осы жылдар да, қазір де ұжым өзінің шығармаларын жаңартып, еліміздің музыка мәдениетінің дамуы жолында өз үлесін қосып, тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік хор #капелла #жаңа маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика