ffin.kz

«Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық әскери оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі аяқталды

«Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық әскери оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі аяқталды Сурет: Министрлік

Ұлттық ұлан бөлімшелері қару-жарақты іздеу мен кентті тазарту тапсырмаларын орындады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Жетісу облысындағы әскери полигонда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінің тактикалық оқу-жаттығулары және жергілікті атқарушы органдарның "Бекет-2023" ведомствоаралық тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов және өзге де күштік құрылымдардың өкілдері бақылады.


Жаттығуға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар тартылды.


Бөлімшелер жауынгерлік мақсаттағы аудандарға жорық жасап, бүркемелеу, әскерлер мен басқару пункттерінің төзімділігін арттыру мәселелерін пысықтады. Белсенді кезеңде елді мекенді босату бойынша оқу-жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілді.


Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, Шекара қызметінің әскери қызметшілері шекара учаскелерінің бірінен қарулы адамдар тобын байқайды. Ұтқыр топтар шартты шекара бұзушылардың бір бөлігін құрықтайды. Бұл кезде қалғандары жақын маңдағы елді мекенде жасырынып үлгереді.


Ішкі істер министрлігінің полиция департаменті жергілікті атқарушы органдар орналастырған сұрыптау пункті ауданына бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастырды.


Мұқият тексеруден кейін эвакуацияланған адамдарды уақытша ұстау пунктіне алып барып, ол жерде оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, бірінші кезектегі қажетті заттар берілді.


Десанттық-шабуылдау бөлімшелері артиллерия мен армиялық, майдандық авиацияның қолдауымен елді мекенді қоршауға алып, қарсыластың атыс нүктелері мен бекіністерін жойды.


Ұлттық ұлан бөлімшелері қару-жарақты іздеу мен кентті тазарту тапсырмаларын орындады.



– Бұл оқу-жаттығулардың бірқатар ерекшелігі бар. Оның ішінде басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылда жауынгерлік міндеттерді шешу, әскери бөлімдердің өзін-өзі қамтамасыз ету және дербестік деңгейін тексеру, сондай-ақ қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу нысандары мен тәсілдерін жетілдіру бар, – деп атап өтті штаб бастығы. – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Алмас Исабеков.



Жаттығудың негізгі мақсаты – гибридті қауіп-қатер жағдайында әрекет етуге, әртүрлі прокси-күштерге қарсы тұруға дайындық.


Жалпы жаттығуға 2000-нан астам әскери қызметші мен мың жарымнан аса қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдандық авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысты.


Іс-шара соңында Қорғаныс министрі оқу нүктелерінде болып, далалық басқару пунктін, техникалық және тылдық қамтамасыз етудің жай-күйін, жеке құрамды жоғары дәлдіктегі қару мен ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғау сапасын тексерді.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Десанттық-шабуылдау әскерлері мен РХБ-қорғаныс бөлімшелерінің құралдары мен техникасын қарап шықты. Сондай-ақ, министрге жауынгерлік техникалар легін шартты қарсыластың барлау жүргізіп, соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттарынан бүркемелеудің тиімді әдістері көрсетілді.


Бұл Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын Десанттық-шабуылдау әскерлерінің алғашқы жаттығуы екенін атап өту керек. Өткен жылы әскерлер Қарулы күштердің дербес тегі ретінде қайта құрылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04