AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті...

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Экономика Бүгін 10:26 39 yakiya
Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.


Құжатқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков қол қойды.
Іс-шараға Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сондай-ақ ҚШИКҚ Басқармасы мен Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.

Берік Асылов өз сөзінде инвестиция тарту ұлттық маңызы бар мәселе екенін атап өтіп, прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде құқық бұзушылықтарға әрекет етуден бизнестегі проблемалардың жүйелі алдын алуға көшуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға қысқарды.

Ағымдағы жылы 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда бизнеске кедергі келтіру фактілері бойынша әкімшілік өндірістер саны 3 есеге (16-дан 50-ге дейін) өсті (ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы).

Бизнестің құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту цифрландырумен және жасанды интеллект технологияларын енгізумен тығыз байланысты қарастырылуда, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағытқа сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары жалпы сомасы 100 трлн теңгені құрайтын шамамен 3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 250-ден астам жоба іске қосылып, 30 мың жұмыс орны құрылды.

«Меморандумға қол қою халықаралық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақ тастығымызды сапалы жаңа деңгейге шығарады.
Прокуратура мен Қауымдастық арасында тұрақты тікелей байланыс арнасы қамтамасыз етіліп, әкімшілік кедергілерді жедел жоюға мүмкіндік береді», – деді Бас Прокурор.

ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков ашық диалогқа дайындық үшін алғыс білдіріп, жаңа институционалдық қорғау тетіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Біз Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен функцияларының берілуін және профильдік комитеттің құрылуын жоғары бағалаймыз. Бұл – құқықтарды қорғау кепілдіктерін нығайтуға және халықаралық бизнестің сенімін арттыруға бағытталған дер кезінде қабылданған жүйелі қадам», – деді Ерлан Досымбеков.

Тараптар Меморандум әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның сенімді юрисдикцияны қамтамасыз ететіні, озық халықаралық тәжірибелерді енгізетіні және инвесторлар үшін тұрақтылықты кепілдендіретіні туралы айқын белгі болатынына сенім білдірді.

Салтанатты рәсім Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» қызметінің таныстырылымдарымен, сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасумен аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);