Бүгінгі таңда жасыл желектердің жалпы ауданы 1,3 мың га құрайды.
Ағымдағы жағдай Алматыда жасыл аймақтар қаланың барлық аудандарында дамымағанын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Бас жоспарда Алматының жасыл желеек қорын кеңейту мақсаты айқындалған. Ол үшін келесі жылдың соңына дейін 8 жаңа саябақ құрылып, қолданыстағы 13 саябақ абаттандырылады.
Биылғы жылы 340 мың ағаш отырғызу, 17 мың апатты және қураған ағаштарды бұзу, 2,8 млн. ағашты биоөңдеу, ауданы 30 га болатын екі питомник құру жоспарланған.
Бұл шаралар көшеттердің өмір сүру деңгейін 90%-ға дейін (2022 ж. - 70%) және жасыл екпелердің аумағын 12,6 ш.м/адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының 3,3 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылға қарай – 1,2 млн ағаш, 2030 жылға қарай – 1,3 млн ағаш, ал 2040 жылға қарай – 3,3 млн ағаш отырғызылатын болады.
Сондай-ақ, көгалдандыру аумақтарын кеңейту арқылы жаңа жасыл аймақтар құру жоспарлануда. 2030 жылға қарай көгалдандырылған аумақтардың жалпы ауданы 3340 гектарға, ал 2040 жылға қарай 3840 гектарға жетуі керек.
2025 жылға дейін 1200 дизельді автобустарды газға және электр тартқышқа ауыстыру жоспарлануда, 2 жаңа газ автопаркі, 5 жаңа газ құю станциясы пайдалануға беріліп, 200 бірлік көлемінде троллейбус паркі жаңартылады.
2025-2030 жылдар кезеңінде жеке және қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымы желілері құрылатын болады.
Сондай-ақ, 2-ЖЭО-ны кезең-кезеңімен газдандыру атмосфераға шығарындыларды жылына 2,5 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді (жылына 33,5 мың тоннаға төмендеу).
Қабылданған шаралар қаланың экологиялық ахуалын және қала тұрғындарының жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.