Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақы...

Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақылау күшейді

Барлығы 26.11.2025, 16:50 347
Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақылау күшейді
Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жаңартылған Бас жоспарды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жасалып жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл жұмыс сәулет-қала құрылысына бақылауды күшейтумен қатар жүреді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов хабарлағандай, қала ортасын дамыту саласындағы стратегиялық шешімдер Қала құрылысы кеңесі мен сәулет-құрылыстық бақылау органдары арқылы іске асырылады.

«Қала құрылысы кеңесі – қала үшін маңызды жобаларды қарастыратын алқалы консультативтік орган. Оның құрамына тәуелсіз сәулетшілер, осы саланың мамандары кіреді, олар жобалардың жүзеге асуына қоғамдық бақылау жасайды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қала құрылысы кеңесінде дауыс беру құқығы жоқ», – деді Бейбіт Шаханов.

2022–2025 жылы Кеңестің 26 отырысы өтіп, 395 жоба қаралғанымен, оның жартысы жуығы ғана – 47,8%-ы мақұлданған. Жобаны қараған кезде қасбет шешіміне, осы заманғы технологияны қолдануға, халықтың тығыздығын ескеріп, сәулеттің қоршаған құрылысқа сай болуына ерекше назар аударады.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы да аса маңызды бағыттың бірі саналады. Тек осы жылдың өзінде 1 300-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 350 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 600-ден астам заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Әсіресе құрылыс-монтаж жұмысының сапасына, мердігерден бастап жобалау мен техникалық қадағалау ұйымдарына дейінгі құрылыс барысына атсалушылардың барлығының жауапты болуына аса көп көңіл бөлінген.  

«Біз құрылыс-монтаж жұмысының орындалуына бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте лицензиядан айыру - нарықты сенімсіз компаниялардан тазартудың ең тиімді жолы болып отыр. Биыл 5 құрылыс компаниясы құрылыс жүргізу лицензиясынан айырылып,  техникалық қадағалау қызметімен айналысатын 2 ұйымның аккредитациясы тоқтатылды», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Жыл басынан бері сотқа шамамен 80 талап-арыз беріліп, оның жартысы қанағаттандырылды. Талап-арыздың 42-сі нысандарды толық немесе ішінара бұзуға қатысты болған. Жалпы қала бойынша жыл басынан бері 38 заңсыз құрылыс бұзылып,  тағы 70 нысанды алдағы уақытта бұзу жоспарда тұр.   

Бейбіт Шахановтың айтуынша, басты мақсат – жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі әр процесс заң талабымен іске асатындай ететін тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #құрылыс #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі