ffin.kz

Бас басына би болмақ

Бас басына би болмақ Сурет: Qazaqstan.tv

Қарағандыда да билер сайланбақ.


Өңір-өңірде билер сайлау науқаны жүріп жатқан көрінеді. Әуелде бейжай қарай салғам, енді ойлана бастадым. Халық білмейді емес, нені болса да біліп істейді. Бұл жолы шарасыздықтан. Амалсыздықтан. Енді қайтсін, сыбайлас жемқорлық қоғамның қай саласына да жегі құрттай дендеп еніп, белең алса. Сот жүйесінде әділетсіздік орнаса, сенімсіздік туса. Біле білгенге жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей төндіретін қауіп-қатердің бірі дейді. Соттан сенім кеткесін, осындай әрекетке барады да халық. Әйтпесе билер сайлап несі бар. Мен бұл жерде билер институтын ақтағым не қолдағым кеп отырған жоқ, оның мүмкіндіктеріне үңілгім келеді. Уәжім мынаған саяды. Төлтума ілкі заңымызда алдымен Төбе би болу үшін белгілі бір сатылардан өту керек болатын. Дәреже-деңгейге негізделіп бөлінетін сол сатылардан өткендер ғана төбе биге сайлана алады. Қазақтың билер құрылымында «Бала би» - «Жеке биге», жеке би – «Қатар биге», қатар би – «Төбе биге» жетулері ләзім. Содан кейін ғана кемел жасына жеткенде кейінгіге батасын берер, нұсқау көрсетер «Ата» биге айналады. Бұл ықылым заманнан, ілкі дәуірден келе жатқан билер жүйесі.

Десек те, билер институты қазіргі заң кеңістігінде заңды үйлесім таппай отыр. Бұрын бір-ақ заң кодексінің бір ғана бабында мұндайға мүмкіндік берілген еді. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексiнің «Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары аталатын 3-бабының 4-тармағында бұл былайша айқындалған болатын: «Азаматтық қатынастар, егер ӘДЕТТЕГI ҚҰҚЫҚТАР (мұны бұрынғы әдет заңдары деп түсінейік – автор), соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн» (орысшасы «гражданские отношения могут регулироваться ОБЫЧАЯМИ, в том числе обычаями делового оборота, если они не противоречат гражданскому законодательству, действующему на территории Республики Казахстан»). Қазіргі нұсқасында бұл жоқ. Алынып тасталған. Бүгін қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелетін болды. Басқаша айтқанда, қазіргі күні билердің қай салада болмасын мүмкіндігі шектеулі.

Бұрын үкім айтатын қазақ соты көбіне бітімділікке ұмтылған. Алайда төрелік айтылар дау талқысы мен дәлелдерді (айғақтарды) қарастыру алдында би әдеттегі дәстүрге сай: а) «бітім» мен «береке» ұсынуы; ә) кешіру мүмкіндігін, іске салауат білдіру, сол арқылы істі дауды көптің алдында талқыға салмай бейбіт шешуге шақыруға міндетті еді. Ал бұл қазіргі Қылмыстық кодексте де өз өрнегін тапқан. «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген уәж бар (68-бап: 1. Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады). Бітімділік бар, билер заңда жоқ, қарастырылмаған.



Қарағанды да би сайлау ісі оңтүстікке қарағанда кейіннен жандана бастаса да, дәл қазір аяқталуға, жақын екен. Абай қаласының тұрғыны Бектібай Жайсаңбаев орталық өңірдің биі болудан үмітті. Мамандығы – құрылысшы. Майқұдыққа жиі барады. Пәтер жөндеуге. Өзінің сөзіне қарағанда қытайдағы қият руынан екен. Билер кеңесін құруға үш жылдан бері атсалысып жүрмін дейді. Мен оны шешендік өнерге арнаған «Сот риторикасы» кітабымды сұрауынан білдім. Қолдан келгенше Жарғысын жасауға қол ұшын беріп те үлгердік.

Бір сөзбен айтқанда қазаннан қақпақ кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58