AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі отандық прокатқа...

«Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі отандық прокатқа шықты

Не? Қайда? Қашан? 23.09.2021, 07:59 1,405
«Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі отандық прокатқа шықты
Сурет: Egemen.kz

«Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі қазан айынан бастап көрсетіледі


Аталған фильмде тыныш өмірдің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Картинаның режиссерлері - Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба (Жапония).



«Жапондық режиссермен Канн кинофестивалінде таныстым. Бұл фестивальге Нұр-Сұлтан қаласындағы өнер университетінің атынан қатысқан едім. Режиссерге фильмнің сценарийі туралы айтып бердім, оған картинаның желісі бірден ұнады. Кейін телефон арқылы байланысқа шықтық, ол мені жапондық продюсермен таныстырды. Нәтижесінде «Қазақфильм» киностудиясының қолдауын тауып, фильмнің түсіріліміне кірістік»,- деді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.



Айта кетсек, фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, танымал қазақстандық театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма, ал әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер сомдады.



«Мен Есік қаласының тұрғынымын. Сол жерде актерлік курстан өттім. Оқуды бітіргеннен кейін бізді кастингке шақырды, мен өз тағдырымды сынау үшін Алматыға келдім. Ерлан аға маған басты рөлді берді. Маған кино өте ұнады. Басында қиын болды. Әсіресе, атқа мініп жүру, өйткені мен бұрын атқа мініп көрген емеспін. Каскадерлер маған көмектесті, үйретті», - дейді 14 жастағы Мәди Менайдаров.



Айта кетейік, «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі алғаш рет 2019 жылы Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі – халықаралық Бусан кинофестивалі шеңберінде көрсетілді.


Ал былтыр аталған туынды Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетіліп, Жапонияда прокатқа шықты. Сондай-ақ картина Göteborg International Film Festival атты Скандинавиядағы ең ірі фестивальде көрсетілді.


Одан бөлек фильм Гонконг, Прага, Барселона, Нью-Дели, Хельсинки, Торонто, Коттбус, Женева сынды қалаларда өткен фестивальдерге қатысты.


2021 жылдың 29 маусымында «Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шығып, 20-дан астам қалада көрсетілді.


Қазан айында Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген фильм сандық TV+ телеарнасы арқылы көрсетілетін болады.


 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Прокат #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);