конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Барлық дінге, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз қа...

Барлық дінге, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз қажет - Димаш Құдайберген

Әлеумет 18.11.2022, 06:17 1,004
Барлық дінге, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз қажет - Димаш Құдайберген
Сурет: Luxfm.kz

Көп еңбектенген адам жетістікке жетеді.


Әлемге танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Үндістанның «Hungama» танымал дистрибьюторлық компаниясына сұхбат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлеуметтік желіге Димаштың аталмыш компанияға берген сұхбатынан үзінді жарияланды. Сұхбаттың толық нұсқасы жақында жарияланбақ.



«Менің ойымша, көп еңбектенген адам жетістікке жетеді. Бірақ өте маңызды мәселе бар: Біз Құдайға сеніп, оған үнемі алғыс айтып жүруіміз қажет. Тынбай еңбек ететін көптеген адамды білемін, олар сенен анағұрлым көп жұмыс істеп, таланты сенен анағұрлым жоғары болуы мүмкін. Адамдар бай және танымал болған кезде де бұл Құдайдың сыйы екенін естен шығармауы тиіс», - дейді Димаш Құдайберген.



Оның айтуынша, ол «Бір аспанның хикаясы» әнін 25 жасында жаза бастаған.



«Сенің қазақ, америкалық, орыс не француз екенің маңызды емес. Сен бүтін әлемге мейіріммен қарауың керек. Біз барлық дінге, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз қажет. Бұл – өте маңызды.



Қазір әлемде соғыс көп. Не үшін? Себебі олар ақша тапқысы келеді. Иә, олар табысқа кенелгісі келеді, бірақ балалар, олардың өмірі ше? Осы туралы ұмытамыз. Сондықтан осы әнімді не үшін жазғанымды бірнеше ғана адам түсінсе де, менің миссиям орындалған болады», - дейді әнші.


Айта кетсек, Hungama Digital Media Entertainment – штаб-пәтері Мумбайда орналасқан компания. Ол Үндістандағы жетекші цифрлық ойын-сауық компания. Оның «Hungama Music» және «Hungama Play» сервистері бар. Hungama Music-тің ай сайынғы пайдаланушылар саны 65 миллионнан асып жығылады.




 














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от ЕВРАЗИЙСКИЙ ФАН-КЛУБ (@dimash_eurasianfanclub)






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #Қазақстан #әнші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);