конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Барлық білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары...

Барлық білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді – ҚР ІІМ

Заң мен тəртіп Бүгін 10:29 41
Барлық білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді – ҚР ІІМ
Primeminister.kz

Мектептердің 93%-ының бейнекамералары Жедел басқару орталықтарына шығарылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті аясында жаңа оқу жылына дайындық шараларын қабылдауда.

Министр білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары бойынша толықтай тексерілгенін атап өтті. Жалпы, мекемелер тарапынан тиісті жұмыс жүргізілуде. Бүгінде ұйымдардың 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған.

«Мектептердің 93%-ының бейнекамералары Жедел басқару орталықтарына шығарылған. Бұл ретте, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыстары жеткіліксіз. Бұл өңірлерде мектептердің тек 70%-ы полицияға қосылған. Тексеру барысында 500-ге жуық кемшілктер анықталды. 174 басшы жауапкершілікке тартылды. Оқу-ағарту министрлігіне және әкімдіктерге – аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажет», – деді Ержан Сәденов.

Білім беру нысандарының маңындағы жол инфрақұрылымы тексерілді. Мекемелердің 90%-ы талаптарға сәйкес келеді. Бірақ, мына өңірлерде бұл жұмысты қолға алу қажет: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстары.

«Жалпы, ел бойынша 180-нен астам бағдаршам, 1 мыңға жуық жасанды жол кедергісі, 4 мыңнан астам жол белгісі, 13 мың метр жаяу жүргіншілер қоршауы және 1 150 сыртқы жарықтандыру құрылғысы орнатылу қажет. Әкімдіктерге бұл жұмысты тезірек аяқтау керек», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ішкі істер министрі балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 15-ші тамыздан бастап «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіліп келе жатқанын баяндады. Оның аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалармен жұмыс жүргізу, балалардың жарақаттанудан алдын алу, балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын тексеру және басқа да шаралар қамтылады.

Жаңа «Профилактика туралы» заңмен білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері көзделді. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері, оның ішінде буллингті және басқа да заңсыз әрекеттерді ерте анықтау тәсілдері бекітілді. Осы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін мектептерде тәлімгерлерді енгізу ұсынылады. Оның тиімділігі Жетісу облысында және шетелдік тәжірибемен де дәлелденді. Оқу-ағарту министрлігіне оларды енгізу жұмысын тездету ұсынылады. Өз кезегінде ІІМ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #қауіпсіздік шаралары #Ержан Сәденов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мектептердің тамақтану қызметтеріне ақы төлеу «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүргізіледі

Бүгін 11:06

Паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдеуге болады

Бүгін 10:10

Қазақстанның жоғары оқу орындары еңбек нарығымен өзара байланысты күшейтуде

Бүгін 10:05

Президент тапсырмасымен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бағытталды

Бүгін 09:47

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында республикалық IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін 09:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);