AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев: Алматыда 55 мың жаңа жұмыс орн...

Бақытжан Сағынтаев: Алматыда 55 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Әлеумет 08.12.2021, 08:01 1,181
Бақытжан Сағынтаев: Алматыда 55 мың жаңа жұмыс орны ашылды
almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орындарын құру және жастар арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматыда жыл басынан бері 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды. Үшінші тоқсанда орташа айлық жалақы 20%-ға өсіп, 283,7 мың теңгені құрады.



Жастарды қолдау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бүгінде 1,4 мың жас жұмысқа орналастырылды.



Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру шараларымен 38,3 мың жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа – 25 759 адам, уақытша жұмыс орындарына – 10 670 адам (қоғамдық жұмыстарға – 7 986 адам, жастар практикасына – 1 491 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 193 адам) жұмысқа орналастырылды. Бизнес ашу үшін 1 293 адамға гранттар берілді, 113 адамға микрокредиттер берілді, 1 031 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Жұмысқа орналасқандардың 17,1 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады.



Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 17,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл аз қамтылғандар – 255 адам, 29 жасқа дейінгі жастар – 15 159 адам, мүгедектер - 1602 адам, балалар үйінің тәрбиеленушілері – 13 адам, қандастар – 5 адам, пробация есебінде тұрған адамдар – 27 адам, ұйымның таратылуына байланысты босатылғандар – 46 адам.



Сонымен қатар, 15,8 мың жас жұмыспен қамтуға көмек алды. 
Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастарды қолдау мақсатында ағымдағы жылы Жастар практикасы бойынша төлемді жергілікті бюджеттен 25 АЕК-тен 35 АЕК-ке дейін немесе 102 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.



Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша оларға қажетті еңбек дағдыларын ұсыну және бірінші жұмыс орнына бейімдеу үшін 217 адам жұмысқа орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);