Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Бақылаушылар мектебі жұмысын бастады

Бақылаушылар мектебі жұмысын бастады

Сайлау-2023 16.02.2023, 05:55 1,307
Бақылаушылар мектебі жұмысын бастады
Фото Қайрат Қонысбай

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласының филиалында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.


БАҚ өкілдеріне арналған жиында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 19 наурыз күні өтетін сайлауға бақылаушыларды дайындайтын мектеп өз жұмысын бастағанын хабарлады.


«Азаматтық, патриотизм, құқықтық мәдениет, құзыреттілік – бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауда бүкіл Сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығы қамтамасыз етуге арналған әрбір байқаушыға тән болуы тиіс қажетті қасиеттер. Алматы қаласында 603 сайлау учаскесі бар (оның ішінде 532-сі ашық) және 19 наурызда, дауыс беру күні, оған мыңдаған алматылықтар саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынған депутаттыққа ең лайықты кандидаттарға дауыс беру үшін келеді. Дауыс беру рәсімінің ашықтығын, шынайылығын, объективтілігін және дауыстарды санауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушылар болады, олар жауапты, сауатты және бейтарап түрде сайлау процесінің барлық рәсімдерін қадағалайды», – деді «Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры Александр Братенков.



Сондай-ақ, ол алдағы сайлауда болатын ерекшеліктерді айтып өтті.



«Қазір біраз жылдан кейін аралас сайлау жүйесі қайтадан жанданып жатыр. Үміткерлер партиялық тізіммен және бірмандатты окург атынан өз-өздерін ұсыну арқылы сайлауға түседі. Алматыда мұндай 3 сайлау округі бар. Бір қызығы, өз-өзін ұсынып жатқан үміткерлер өте көп. Әр окургте 40-тан астам кандидат тіркелді. Сайлаудағы тағы бір ерекшелік – бақылаушылар енді аккредитациядан өту керек. Бұрын кез келген саяси партияның не қоғамдық бірлестік өкілі бақылаушы бола алатын еді. Одан кейін қоғамдық бірлестіктер тіркелетін болды. Бұл сайлауда әр ұйымның өкілдері аккредитациядан өтуі қажет» – деді ол.



«Алматы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайыржан Абдыхалықов бақылаушылар мектебінің жұмыс барысы туралы баяндады.



«Сайлау кезінде ең маңызды жұмыстардың бірін бақылаушылар атқарады. Соңғы өткен Президент сайлауда Алматыда 2 мыңнан астам дербес бақылаушы тіркелді, біз оларды оқыттық. Осы бақылаушылар мектебінде де тәжірибелі оқытушыларымыз болады. Өз істерін жақсы біледі. Бақылаушылар курсы 4 тармаққа бөлінеді. Оның ішіндегі ең маңыздысы құқықтық мәдениет білу, яғни әр бақылаушы заңнаманы білуі қажет», – деді Қ.Абдыхалықов.



Жиынға қатысқан «Қоғамдық пікір» және «Ел ертеңі» қоғамдық бірлестіктері де алдағы сайлауда бақылаушыларды дайындау үшін «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен тығыз жұмыс жасайтындарын айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дауыс #Бақылаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика