Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / «BAQYLA» 3000-ға жуық учаскені бақыламақ

«BAQYLA» 3000-ға жуық учаскені бақыламақ

Сайлау-2023 14.02.2023, 10:52 1,042
«BAQYLA» 3000-ға жуық учаскені бақыламақ
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы кезінде «BAQYLA» қозғалысы 3 мыңға жуық учаскені бақылайды.


«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасайды. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізіледі. Азаматтық сектор мен ҮЕҰ желілерінен бақылаушылар тарту көзделіп отыр екен. Бақылау желілерінің басшылары мен өңірлік үйлестірушілеріне сайлау процесін бақылау теориясы мен практикасы бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады. Оқыту ZOOM конференциясы және оффлайн кездесулер арқылы жүргізіледі.



«Сайлауды бақылау сайлау учаскесіндегі бір күндік әрекетпен шектелмейді. Азаматтар сайлауды бақылауға қатысу арқылы азаматтық-саяси көзқарасын қалыптастырады, қазақ еліндегі сайлау жүйесін өзгертуге де үлес қосады», - деді саясаткер, оқытушы Дос Көшім. 



Айта кетейік, оқытушылар әр өңірден бірнеше адамды Алматы қаласында офлайн форматында да оқытады. Ары қарай олар өз аймағында бақылаушы болатын азаматтарға үйретеді. Қазір аталған қозғалыс арқылы бақылайтын үкіметтік емес ұйымдар аттестациядан өтіп жатыр.


Сайлау күні орталық штаб еліміздегі сайлау учаскелеріндегі жағдайды баяндап, сағат сайын брифингтер өткізеді, өңірлерден онлайн трансляциялар ұйымдастырады, әлеуметтік желілерде посттар мен бейнежазбаларды жариялайды және тираждайды, жалған ақпараттарды анықтайды, ерекше жағдайларға түсініктеме береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау 2023 #бақылау #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика