AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Банкрот болған азаматтар шетелге шыға ала ма?

Банкрот болған азаматтар шетелге шыға ала ма?

Әлем 30.01.2023, 08:58 3,480
Банкрот болған азаматтар шетелге шыға ала ма?
Сурет: Тengrinews.kz

Кей елде банкрот болған адамдар шетелге шығарылмайды.


Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың мәлімдеуінше, банкрот деп танылған Қазақстан азаматтарына шекарадан шығуға ешқандай шектеу қойылмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бірқатар елде банкрот болған адамдарға шетелге шығуға тыйым салынады, бірақ Қазақстан заңнамасында мұндай норма жоқ.


Тек сот банкроттығы бойынша процедура жүргізілетін кезеңде ғана ел аумағынан шығуға болмайды.



«Біздің заңнамада тек қана екінші тәсіл (сот банкроттығы) бойынша сотқа жүгінген кезде, процедура алты ай қаралатын кезде ғана шектеу қойылады. Себебі процедура созылып кетуі мүмкін. Азамат сотқа жүгініп, шет елге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданға дейін шектеу қойылады», - деп түсіндірді Біржанов.



Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады.


Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.


Мына шарттар сақталуы қажет:


борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды;


кредит 12 ай бойы өтелмеген болуы керек;


меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;


банкпен реттеу жүргізілгеннен кейін жасалады.


Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген.


Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.


Үшінші рәсім, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы – азамат «банкрот» деп саналмайды. Демек банкрот үшін көзделген салдарлар оған қолданылмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Банкрот #қарыз #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);