ffin.kz

Бананнан жасалған маска бет терісін әжімнен қорғайды

Бананнан жасалған маска бет терісін әжімнен қорғайды Сурет: shedevrum.ai

 Жылдың қай мезгілінде болса да бұл жемісті табу қиын емес. 

 Банан адам ағзасы үшін өте пайдалы жемістердің бірі. Құрамында A, C, E, B тобы, минералдар - мыс, марганец, мырыш, калий, магний, күкірт, темір, бор, йод, молибден сияқты дәрумендер, сонымен қатар катехоламиндер, глюкоза, сахароза, талшық, фруктоза бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz ernur.kz-ке сілтеме жасап. 

 Сондай-ақ, белоктар, майлар және көмірсуларға да бай жеміс. 100 г жемісте 21 г көмірсу бар. Бананды тек жеп қана қоймай, одан түрлі маскалар жасауға болады. Шаштан бастап теріні күтуге дейін банан маскалары әр түрлі дерматологиялық мәселелерді шешетін дәрі ретінде танымал. Бананнан жасалған маска теріні нәрлендіреді және кремнеземді құрамына байланысты жақсарта алады.

Әжімге қарсы банан маскасы

Құрамы: *Банан; *Жұмыртқаның ақуызы; *Лимон шырыны. Дайындалу жолы: Масканы дайындау үшін бананның 1/3 бөлігін ақуызға қосып езесіз, лимон шырынынан аз мөлшерде қосып араластырасыз. Масканы жақпас бұрын бетіңізді тазалап жуып алыңыз. Масканы бетке жағып, 20 минут күтесіз. Содан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл маска сіздің бетіңіздегі әжімге қарсы жұмыс жасап, сұлулығыңызды арттыра түседі. Адамның жасы ұлғая келе терідегі коллагеннің азаюы табиғи құбылыс. Коллагеннің жоғалуы теріні әлсіретіп, майда сызықтар мен әжімдердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Алайда, оның алдын алуға болады. Осы банан маскасы арқылы да үлкен нәтижеге жете аласыз. Бананнан жасалған маска кремний арқылы коллагенді көбейтіп, әжімдердің алдын алуға ықпал етеді. 

Бет терісін ЖЫЛТЫРАТАТЫН маска

Банан антиоксиданттарға бай, ол адам ағзасындағы бос радикалдармен күресуге көмектеседі. Теріңіз үшін антиоксиданттарды қолдану радикалды зақымданудан қорғауға себеп болады.

 Безеуге арналған банан маскасы

 Бананда шай ағашы майы, бензой пероксиді немесе салицил қышқылы сияқты қарқынды күресетін компоненттер жоқ, бірақ олар терінің қабынуын А дәрумені әсерінен азайтып, безеуді азайтуға көмектеседі. Күннен қорғайтын банан маскасы Бет маскасы күнделікті күннен қорғайтын кремді алмастыра алмаса да, бананның құрамында антиоксиданттар бар, олар теріңіздің күн сәулесінен қорғайтын табиғи қабілетін арттырады. Себебі, банан А, С және Е дәрумендерімен танымал.

 Банан құрғақ теріге көмектеседі. Себебі, бананның құрамындағы В-6 дәрумені мен калийдің әсерінен болуы мүмкін. 

Сақтық шаралары және ықтимал жанама әсерлері

 Сирек болса да, бет маскаларының аллергиялық реакциясын тудыруы ықтимал. Егер сіз теріңізде аллергия туындауы мүмкін деп күдіктенсеңіз, бананнан жасалған маскадан мүлде аулақ болуыңыз керек.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43