AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті -...

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Оқиға 19.02.2026, 12:23 238 Сұлу
Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео
Видео кадры

Балқашта көпқабатты үйдің апатты деп танылған кіреберісінің бір бөлігі опырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл - бес кіреберісті көппәтерлі үй. Опырылған кіреберіс пайдаланылмаған: бұған дейін ондағы тұрғындар басқа жаққа көшіріліп, cүрілмек болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТЕМИРТАУ ОНЛАЙН | НОВОСТИ ГОРОДА (@temirtau.online)

Опырылу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. 2025 жылы құрылыс сараптамасы мен техникалық қорытынды негізінде кіреберіс апатты деп танылды. 5-кіреберіс тұрғындары алдын ала қоныстандырылды: бір бөлігі жаңа баспана алды, қалғандары тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қойылды", - деп хабарлады қала әкімдігі

Әкімдік қазір апатты кіреберісті бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Жұмыс кезінде үйдің қалған кіреберістерінен шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланған. Әкімдік олардың уақытша орналастырылуын қарастырып жатыр.

"Жұмыс аяқталған соң мамандар қалған төрт кіреберіске қосымша тексеру жүргізеді. Егер қауіпсіз деп танылса, тұрғындар пәтерлеріне қайта орала алады. Сондай-ақ, қалған кіреберістердің конструкцияларын күшейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр", - деді Балқаш әкімдігі өкілдері.

Қазір опырылған кіреберіске кіру шектелген, инженерлік желілер ажыратылған. Жұмыстың барлығы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балқаш #тұрғын үй #опырылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);