Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Балет: Жерлесіміз әлем сахнасын бағындырды

Балет: Жерлесіміз әлем сахнасын бағындырды

Мәдениет 08.10.2021, 09:53 1,274
Балет: Жерлесіміз әлем сахнасын бағындырды
Сурет: 365info.kz

Бахтияр жарады


Бахтияр Адамжан әлем сахнасын бағындырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстандық балет артисі Бахтияр Адамжан Рим операсы мен Арена ди Верона сахнасында өнер көрсетіп, Италияның талғампаз көрерменінің жүрегін жаулады.


«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бүгінде шетелде жақсы танымал.


Балет өнерін кәсіп еткен қазақ баласы жайлы шетелдік басылымдар жарыса жазып, оның өнерін жоғары бағалады. «15 мың көрермен сыятын Арена ди Верона антикалық амфитеатрының атмосферасы ерекше», – дейді жерлесіміз.



«Көптеген шақырту түсіп жатты, бірақ оның барлығы ысырылып, уақытын ауыстыра берді. Десе де, сапарымызды мамыр айынан бастап кеттік. Бірінші көрші Ресей мемлекетіне барып келдім, содан кейін, міне, көптен күткен Италияға да жеттім. Рим қаласына бардым. Біздің Италияға гастрольдік сапарымыз Верона аренасынан басталды. Бұл әйгілі «Ласкаланың этуалі», «Роберто Болле және оның достарының» гала-концерті болды. Үлкен фестиваль осы балетпен аяқталды», - деді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бахтияр Адамжан.



Веронадағы фестивальден кейін отандық балет артисі Италия көрерменімен 14, 15, 16 қыркүйек күндері қайта қауышқан. Онда ол көрнекті хореограф Ролан Петидің «Құдай Ана соборы» қойылымының Рим операсындағы тұсаукесерінде Квазимодо партиясын таныстырған. Еуропада қазақ балетінің деңгейін көрсетіп қайтқан Бахтияр Адамжан отандық көрермендермен сағынысып көрісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #сахна #бағындыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат туралы мәңгі хиттер: ел аузындағы әндер қалай туған?

Бүгін 17:30

700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді

Бүгін 17:29

Еліміздегі үздік IT-университеттер тізімі жарияланды

Бүгін 17:10

Зарина Алтынбаеваның «Жер-Ана тынысы» альбомының тұсаукесері өтті

Бүгін 17:01

Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың жетістіктері таныстырылды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика