AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Баласына қарайласпақ түгілі, халін сұрамайтын әкел...

Баласына қарайласпақ түгілі, халін сұрамайтын әкелердің саны азаяр емес - прокурор

Барлығы 21.08.2025, 10:32 485 Сұлу
Баласына қарайласпақ түгілі, халін сұрамайтын әкелердің саны азаяр емес - прокурор
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алимент төлеуден жалтарылған тұлғаларға қатысты іздеу жарияланды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ҚСжАЕК-ң Алматы бойынша департамент бөлімінің аға прокуроры Ағыбаев айтты.

Баланы асырау – ата-ананың заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-ананың  некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы маңызды емес.

Қазір елімізде жауапкершілік танытпайтын ата-аналардың баласына төлемей жүрген алименті үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысынан заңмен белгіленген мөлшерде төленуге тиіс. 

Жұмыс істемейтін борышкердің төлеуге міндетті алимент мөлшері ҚР-ң орта жалақы мөлшерімен есептеледі. Құзырлы органдар тарапынан небір амалдар жасалып жатса да, өзгенің тәрбиесінде  қалған баласына қарайласпақ түгілі халін сұрамайтын әкелердің саны азаяр емес.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты жұмыстар, яғни жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру, бережағы көп борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тарту, олардың атына тіркелген жылжитын және жылжымайтын мүліктерге тыйым салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ҚР-ң атқарушылық із жүргізу заңнамасының мәжбүрлi түрінің бірі алимент төлеуден жалтарынып жүрген борышкерлерге iздеу жариялау. 

Атқарушылық кағазын орындап отырған сот орындаушысы алимент төлеуден жалтарынып жүрген борышкерге катысты өндіріп алатын заттай немесе жұмыс орнының, тұрғылықты мекен-жайының болмауына орай, немесе борышкерге катысты кандайда бір ақпараттың болмауы салдарынан іздеу жариялау туралы iс-әрекетi колданылады. 

Сот орындаушысы борышкерге катысты iздеу жариялау туралы каулысын шығарып, кейін прокурормен санкцияланады, одан кейiн iздеу қаулысы орындауға аймақ бойынша көшi-қон полиция кызметiне жолданады. 

Көшi-қон полиция кызметі, келіп түскен қаулыға сәйкес алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерге қатысты іздеу жариялап, оны табу мақсатында тиісті жұмыстар атқарады.

Борышкер анықталған жағадайда, көші-қон полиция инспекторы одан атқарушылық іс бойынша жалтармайтыны туралы міндеттемесін және түсініктемесін алады.

Кейін, іздеуге берген сот орындаушысына, борышкердің қарызын  өндіру мақсатында оның мекен-жайын көресете отырып, толық хабарлама жолданады.

Сондай-ақ, борышкерлер өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарап, алиментін уақтылы төлеуге міндетті екендігін, бұл талаптар орындалмаған жағдайда оларға қатысты заңмен әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін естен шығармауы қажет.

#заңжәнетәртіп #законипорядок 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #әке #әздеу #заңжәнетәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Бүгін 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);