Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Баланың туу туралы құжаттарын рәсімдеу жеңілдей тү...

Баланың туу туралы құжаттарын рәсімдеу жеңілдей түсті

Мұны білген жөн 22.04.2022, 03:27 1,504
Баланың туу туралы құжаттарын рәсімдеу жеңілдей түсті
Сурет: Kz.otyrar.kz

Енді баланың тууын тіркеу қызметін eGov.kz порталына кірмей-ақ, неғұрлым ыңғайлы проактивті форматта алуға болады.


eGov.kz порталының мәліметінше, бұл қызметте SMS хабарламалар мен хабарландырулар қолайлы процеске оңтайландырылған. Себебі, мемлекет азаматқа белгілі бір тұрмыстық жағдайға қажетті қызметті алуды өзі ұсынады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-ке жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберсе жеткілікті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, баланың ата-анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңімен 1414 нөмірінен SMS жібереді. Бұрын азаматтар SMS хабарламаларды басқа форматта алатын. Енді процесс әлдеқайда жеңілдеді, әлдебір әріптерді көрсету талап етілмейді, тек қойылған сұрақтарға жауап беру керек», - деп жазылған ақпаратта.



Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркеуде болу қажет, тіркеусіз SMS хабарлама келмейді. Қызмет тегін көрсетіледі, тек телефон нөмірінде теңгерім болу керек.



«Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін мәліметтер баланың ата-анасынан SMS-арқылы сұралады. Қызмет көрсету нәтижесінде азаматтар баланың туу туралы куәлігінің (қағаз түрінде) дайын екендігі туралы SMS хабарлама немесе бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап алады», - делінген ресми жазбада.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #рәсімдеу #ыңғайлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика