ffin.kz

Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы қажет?

Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы қажет? Сурет: Halyqline.kz

Алматылық ата-аналар балаларын мектепке дайындауға қызу кірісті.


Тұрғындардың айтуынша, биыл мектеп формасы едәуір қымбаттаған. Ал мемлекеттен берілетін 40 мың теңге толыққанды қажетті керек-жарақ алуға жетпейді. 


Мектепке дайындық барысын Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv арнасының материалына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Алматылық Баян Тұрлыбекова биыл баласын мектепке дайындауды ертерек кіріскен. Өйткені оқу жылының басы таяп қалғанда таңдау аз, баға қымбат болады дейді. Осы жылы керек-жарақтың бәрін арзандау алдым дегеннің өзінде ол бір балаға 100 мың теңге жұмсаған.



«Минималды бағаларды қарап жүріп алғанда 100-110 мың теңге кетіп қалады бір балаға. Енді аяқ киімдердің бағасы қымбат. Сапасы жақсылауын көрдім бүгін, 20 мыңның ар жақ, бер жағы», - дейді ата-ана Баян Тұрлыбекова.  



Жәрмеңке мен сауда үйіндегі бағаны салыстыра келіп, саудагерлер Алматыдағы орташа бағаны есептеп берді. Мәселен, мектеп формасын ақ көйлегімен 22 мың теңгеге алуға болатынын айтады. Ал аяқ киімді 14 мыңға, сөмкені 8 мың теңгеге табуға болады. Сондай-ақ кеңсе тауарларына кем дегенде 7 мың теңге жұмсалады екен. Бұл тек бастауыш сынып оқушысына бір сыпыра алатын заттар ғана. Бұдан бөлек, ата-аналар спорттық киім мен аяқ киімді де қыркүйектің басында алатынымыз қалтаға салмақ салады дейді.



«Жыл сайын тауарлар қымбаттайды. Форманың өзіне 45 мың теңгедей жұмсадық. Одан бөлек спорттық формасы бар, әскери форма бар, қосымша шалбары бар, 100 мың теңгедей кететін шығар бір балаға», - дейді ата-ана Сәуле Алматова. 



Ал мемлекеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балалар үшін былтыр 17 мың теңге берілсе, биыл бұл сома 40 567 теңге. Нақтысын айтқанда, қаржылай жәрдем атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған отбасындағы балаларға және табысы жан басына шаққанда 41 мың теңгеден аспайтын отбасындағы оқушыларға беріледі. Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасындағы балаларға да көмек көрсетіледі. Ол үшін әрбір ата-ана мектепке барып, өтініш жазуы қажет.



«Заңнамаға сәйкес, өтініш 15 күн ішінде қаралады. Арнайы құрылған комиссия білім беру ұйымының жанынан отбасының барып жағдайын зерттейді, актілейді, тиісті қорытындысын шығарады. Осы орайда атап кететін бір жайт, өткен жылдан бастап көп ата-аналардың ұсынысы негізінде, сұраныс негізінде ата-аналадың өздері балаларымен бірге таңдап киім алу мүмкіндігін туғызу үшін көмек қаржылай негізде жүзеге асады», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Жолдас Батырхан.



Алайда көмек алған ата-аналар жәрмеңкенің жеңілдігін пайдалана алмайды. Саудагерлер оның себебін былай деп түсіндірді.



«Мектептен ол кісілерден чек сұрайды. Ал чектің ішінде түгел фискалды чекте тауардың түгел аты болуы керек. Ал жәрмеңкеде түгел атын жазып бере алмаймыз. Біз тек мөрі бар тауар чегін бере аламыз. Ал ол жерде әр тауардың аты керек. Ата-аналарға қиындау, қымбат-қымбат алады тауарларды», - дейді сатушы Гүлмира Дәуітәлиева.



Иә, барлық ақша аударымдары ата-аналардың карталық шоттары арқылы жүргізіледі. Айта кетейік, биыл мұндай материалдық көмек 400 мыңнан астам оқушыға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:18

20:12

20:10

20:10

20:01

19:41

18:59

18:49

18:42

18:40

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42

16:39

16:35

16:32