AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балаларыңызды қорғаңыздар!

Балаларыңызды қорғаңыздар!

Әлеумет 30.07.2024, 10:33 851
Балаларыңызды қорғаңыздар!
Сурет: Almatydc.kz

Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолдады.

30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында әнші цифрлық дәуірде қылмыскерлер әлеуметтік желілер арқылы балалармен байланыс орната алатынын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) елшісі, белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, қамқоршыларға, балаларға жауапты барлық ересектерге жүгінгім келеді. Бала саудасы туралы естігенде, біз қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды немесе көшеде тұратын көше балаларын елестетеміз. Алайда, бүгінгі таңда балалар саудасы басқа да жолдармен дамып келеді. Соның бірі - интернет. Қазіргі уақытта адамдар интернетте көбірек уақыт өткізеді. Осы себептен де қылмыскерлер балаларды әлеуметтік желілер немесе ойын платформалары арқылы тартуға тырысады",-деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол бұл әрекеттерді тоқтатудың бірден-бір жолын айтты.

"Балаларыңызға цифрлық әлемде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі туралы ескертіңіз. Балаларыңызбен суретке түсіруден, бейне түсіруден және бейтаныс адамдармен бөлісуден аулақ болу қаншалықты маңызды екенін талқылаңыз. Адам саудагерлері оларды жәбірленушілерді қорқытып, бақылауда ұстау үшін қолдана алады. Ең бастысы, балаларыңызбен сенім орнатыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - деп қорытындылады ізгі ниет елшісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #бала #сенім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика