Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар: қалай дұ...

Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар: қалай дұрыс таңдау керек?

Керек кеңес 26.12.2025, 17:15 704
Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар: қалай дұрыс таңдау керек?
rbc.ru

Жаңа жыл - ғажайыпқа толы ерекше кезең. Әсіресе, балалар қауымы бұл мерекені асыға күтетіні белгілі. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үлкендер алдындағы "үлкен" міндет. 

Отбасының жылуын, тосын қуанышты және баланың жадында ұзақ сақталатын естеліктің көбі осы Жаңа жылмен байланысты. Сондықтан балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықты таңдауға саналы түрде қараған жөн.

Сыйлық - тек зат емес, ол ойын, күлкі, эмоция мен әсер. Сол себепті оның мазмұнына ғана емес, баланың жасы, қызығушылығы мен мінезіне де мән беру маңызды.

Балаларға сыйлық таңдауда нені ескеру керек?

Сыйлықты сәтті таңдау үшін келесі факторларға мән берген жақсы:

Жасы - баланың даму деңгейіне және қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек.

Қызығушылығы - сурет салуды ұнататын балаға шығармашылық жиынтық, кітапқұмарға - кітап немесе пазл лайық.

Белсенділігі - қимыл-қозғалысты жақсы көретіндерге спорттық, ал сабырлы балаларға зияткерлік ойындар жарасады.

Мінез ерекшелігі - сыйлық баланың күшті қырларын дамытуға  тиіс.

Пайдалылығы - дамытушы, ұзақ қолданылатын сыйлықтар әрдайым құнды.

Жас ерекшелігіне қарай сыйлық идеялары

1-3 жастағы балаларға

Бұл жаста қауіпсіздік пен сезімдік қабылдау маңызды.
Жұмсақ текшелер, пирамидалар, сортерлер, музыкалық ойыншықтар, қатты беті бар кітаптар, саусақпен салуға арналған бояулар - моторика мен түстерді тануға көмектеседі.

4-6 жастағы мектепке дейінгілерге

Қиял мен рөлдік ойындар кезеңі.
Сурет салу мен мүсіндеуге арналған жиынтықтар, рөлдік костюмдер, магнитті немесе қарапайым конструкторлар баланың шығармашылығын дамытады.

7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларына

Бұл жаста балалар күрделірек тапсырмаларға дайын.
Ғылыми тәжірибелерге арналған жиынтықтар, үстел ойындары, спорттық құралдар, дамытушы гаджеттер - ойлау қабілеті мен белсенділікті арттырады.

11-14 жастағы жасөспірімдерге

Жасөспірімдер үшін ерекшелік пен практикалық мән маңызды.
Құлаққап, смарт-сағат, хоббиіне арналған заттар, стратегиялық үстел ойындары немесе сыйлық сертификаттары — ең қауіпсіз таңдау.

Әмбебап жаңа жылдық сыйлықтар

Егер баланың талғамын нақты білмесеңіз:

  • кітаптар;

  • үстел ойындары;

  • шығармашылық жиынтықтар;

  • әсер сыйлайтын сертификаттар (шеберлік сабағы, музей, аквапарк);

  • дамытушы гаджеттер — кез келген жаста жарамды.

Балабақша мен мектепке арналған сыйлықтар

Мұнда қауіпсіз, бірдей және қолжетімді нұсқалар маңызды:

  • бояулар, қарындаштар, альбомдар;

  • шағын ойыншықтар мен конструкторлар;

  • тәтті және тәтті емес жаңа жылдық жиынтықтар;

  • естелік кәдесыйлар -  жапсырма, брелок, магнит;

  • ұжымдық ойындар - пазл, үстел ойындары.

Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлық - бұл баға емес, көңіл аудары мен махаббаттың көрінісі. Баланың мінезі мен қызығушылығын ескеріп таңдалған қарапайым сыйлықтың өзі қымбат гаджеттен артық әсер қалдыруы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #сыйлық #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика