AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Алматы жа...

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Алматы жаңа оқу жылына дайындалуда

Барлығы 22.08.2025, 11:16 630 dulatbekova
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Алматы жаңа оқу жылына дайындалуда
Сурет: Polisia.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласының полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалының, соның ішінде мектеп автобустарының жай-күйін және білім беру мекемелерінің маңындағы көше-жол инфрақұрылымын кешенді түрде тексерді. 

Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, 200 мектеп автобусын пайдалануға беретін автокәсіпорын тексерілді. Бұл автобустар қаладағы 57 мектепке оқушыларды тасымалдайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Барлық көліктер 2023–2024 жылдары сатып алынған және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған: 6 бейнебақылау камерасы (салонда және сыртта), қауіпсіздік белдіктері, өрт сөндіру жүйелері, қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған пандустар орнатылған. Автопаркте жүргізушілер міндетті түрде рейс алдындағы медициналық тексеруден өтетін медициналық кабинет жұмыс істейді.

Оқу жылына дайындық аясында полиция қызметкерлері Алматы қаласының мобильділік басқармасы және әкімдікпен бірлесіп келесі жұмыстарды атқарды: 216 мектептің маңындағы көше-жол желісі тексерілді; анықталған кемшіліктерді жою бойынша 275 нұсқама берілді; 300 жол белгісі ауыстырылды және жаңадан орнатылды, тағы 358 белгі жаңартылды; 8 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылды; 207 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жарықдиодты шамдармен жарықтандырылды; 101 білім беру мекемесінің маңына темір қоршаулар орнатылды. 

Сонымен қатар 30 жаңа бағдаршам және 80 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін салуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Олардың бір бөлігі мектептердің жанында орналасқан.

 — Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – полицияның басты басымдығы. Біз жолаушылар тасымалына бақылауды күшейтіп, жол белгілері мен таңбаларын жаңартып, заманауи технологияларды енгізіп жатырмыз. Ата-аналар мен ұстаздар да балаларға жолда жүру ережелерін еске салып отырғаны маңызды. Тек бірлескен күш-жігеріміз арқылы ғана біз, балалардың жарақат алуын азайтып, мектепке дейінгі қауіпсіз жолды қамтамасыз ете аламыз, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Кұлбаев.

 Сондай-ақ Алматыда жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған “Vision Zero” тұжырымдамасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл шеңберде жылдамдықты шектеу, “қауіпсіздік аралшықтары”, жасанды жол бұдырлары сынды кешенді шаралар қарастырылған. Бүгінде мектептердің маңында 20-дан астам жасанды жол бұдыры мен 10 “қауіпсіздік мүйісі” орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңа оқу жылы #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);