Алматы қаласының Білім басқармасы Прокуратура және Полиция департаментімен бірлесіп жалпықалалық ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналыс Алматы қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналды. Оған мыңнан аса ата-ана қатысты. Спикерлер «Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ мүддеміз» жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ой қозғап, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Балалар жарақатының алдын алу бойынша Алматы қаласы прокурорының балалар құқығын қорғау жөніндегі көмекшісі Ысқақ Диас Жанасұлы - ата-аналарға балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ қаланың көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыру дағдыларын нығайту және демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керекігін айтып кетті.
Алматы қаласы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Зыгин Роман Сергеевич - балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, балаларда Алматы қаласының көшелері мен жолдарында қауіпсіз жол ережелермен таныстырып, қауіпсіз шаралармен таныстырды.
Алматы қаласының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Шонжанова Жанна Тұрсынханқызы - Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, лудомания тағы сол сияқты мәселелердің алдын алу бойынша түсіндіріп қана қоймай, отбасында ата-аналардың балаларға көбірек көңіл бөлінуін талап етті. Сонымен қатар, 111, 150, 102 шұғыл көмек көрсету телефондарының барын және қиын жағдайға тап болған адамдар хабарласа алатынын айтып өтті.
Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы – Ата-аналар назарына жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері: ойынқұмарлық, суицид, нашақорлық туралы маңызды ақпарат берді. Егерде бала бойынан жасерекшелігіне тән емес өзгерістер байқасаңыздар, баланы психикалық қиын жағдайда өзімен өзін жалғыз қалдырмай, міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгінуін сұрады.
Психология ғылымдарының магистрі, аддиктолог, «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қоры, Алматы қаласы бойынша «Наркостоп» жобасының өкілі - Назханова Ғалия Әлжапарқызы – жастар арасындағы синтетикалық есірткіні тұтынудың қауіптілігін айтып өтті.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының майоры, аға офицері Баймухамбетова Сандуғаш Амантайқызы - таулы және орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі туралы, адамдардың жер сілкінісіне дейінгі және одан кейінгі әрекеттері, судағы тәртіп ережелері және қауіпсіздік шаралары туралы таныстырып айтып өтті.
Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының өкілі, ВУШ КЗ ЖШС өндірістік директоры Төлебаев Тимур Әлібекұлы - Мектеп жасындағы балалардың электрсамокаттардың пайдалануға тыйым салу туралы айтты.
Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Психологиялық қолдау» бөлімінің басшысы Қоканова Венера Сембекқызы - ҰБТ тапсыратын мектеп оқушыларының ата-аналарына балалардың эмоционалды амадныдығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек екендігін айтып түсіндірді.
Ата-аналарға балалардың кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдары мен таратпалар ұсынды. Сонымен қатар, жасөспірімдер психологиясы, балаға тәрбие беруде төзімділікпен, сабырмен, сеніммен, сүйіспеншілікпен және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айтылды.
Ата-аналар жиналыс соңында спикерлерге өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап алып, алдағы уақытта осындай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.