AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балаға дұрыс өнеге көрсетпеген ата-анаға да айыппұ...

Балаға дұрыс өнеге көрсетпеген ата-анаға да айыппұл салынады

Заң мен тəртіп 19.01.2026, 16:17 691 yakiya
Балаға дұрыс өнеге көрсетпеген ата-анаға да айыппұл салынады
Сурет: Qazaqstan.tv

Заң бойынша ата-аналардың балаларына қол көтеруіне тыйым салынған. Аталмыш норма, 2024 жылғы 16 маусымнан бастап күшінге енген. Мәселен, дәстүрлі отбасы тәрбиесінде қолданылатын "тоқпақпен ұру" сынды іс-әрекеттер 109-1-баптың талаптарына сай келеді. Бұл бап бойынша соққы денсаулыққа зиян келтірмеген жағдайда да қылмыс болып есептеледі.

Осы үшін 50 күнге дейін қамауға алуынуы мүмкін. Дегенмен, қамау орындарының тапшылығын ескеріп, іс 100–200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлмен аяқталуы мүмкін. Айта кетейік, 2026 жылы АЕК 4325 теңге.

Бұл ретте 16 жасқа толмаған "бұзақайлардың" әрекеті үшін де ата-анасы жауапқа тартылады. Оларға 127-бап бойынша "Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің тәрбиелеу міндеттерін орындамауы... кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, күту және қамтамасыз ету міндеттерін орындамауы" айып тағылады.

Мұнымен қоса, аталған 127-баптың 1-бөлімі бойынша, ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың көзінше ішімдік пен темекі өнімдерін қолданғаны үшін 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Сонымен қатар, "Баланың құқықтары туралы" заңның 37-бабында да осыған ұқсас мәтін бар.

"Баланың ата-аналары, басқа заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу және білім беру функцияларын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмір салтын және ішімдік өнімдері мен темекінің зиянын насихаттауға міндетті".

Осылайша, ата-аналардың балаларының көзінше ішімдік немесе темекі қолдану (мысалы, мейрамханада) – салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты ата-ана міндетін бұзу болып есептеледі. Сондықтан бұл 127-бап бойынша "тәрбиелеу міндетін орындамау" деп бағалануы мүмкін.

Егер бір жыл ішінде бұл әрекет қайталанса, айыппұл 15 АЕК-ке дейін өседі, ал 127-баптың 2-бөлімі бойынша 10 күнге дейін әкімшілік қамау да қолданылуы мүмкін.

Ал егер ата-ана кәмелетке толмаған баласына (18 жасқа дейін) ішімдік беріп, ол оны ішіп қойса, онда бұл заң бойынша "кәмелетке толмағанның ішімдік тұтынуына әкелген әрекет" деп есептеледі (127-баптың 3-бөлімі). Мұндай "тәрбиелікке жатпайтын" әрекет үшін ата-аналарға 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, 10 күнге дейін қамау қолданылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Кеше 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Кеше 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Кеше 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);