Бала ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Бала ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды сурет: astanatv.kz

Оқиға Павлодар қаласындағы №28 балабақшада болды.


Павлодарда балабақшалардың бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды. Ал мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.


Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.


«Тергеу қорытындысы бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп жазды білім беру бөлімінен.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21