ffin.kz

Bala Qorgau телеграм-ботына 500-ден астам өтініш түскен

Bala Qorgau телеграм-ботына 500-ден астам өтініш түскен Сурет: Stepcenter.ru

Әр өтініш 24/7 форматында шұғыл қаралады.


Сұрақтардың басым бөлігі отбасындағы жанжалға, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасқа, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға, буллинг және жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мысалы, телеграм-чатқа әкесінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген баланың анасы шағымданған. Әйелдің өтінішімен Алматы облысында тұратын отбасына қамқоршылық органдары, аудан әкімдігінің қызметкерлері және полиция қызметкерлері шұғыл түрде жөнелтіліп, жағдай бақылауға алынды.



«Біз өтініш берушілердің сұрақтарына мүмкіндігінше жылдам жауап беруге тырысамыз. Түскен өтініштер бойынша ата-аналар мен балаларға құқықтық және психологиялық көмек жетіспейтінін байқауға болады. Әрбір өтінішті пысықтап, қажетті көмек көрсетіп, барлық мән-жай анықталып, жағдай толық шешілгенше әр жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.



Әр өтініш 24/7 форматында шұғыл қаралады. Телеграм-чат балалардың құқығын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету жағдайларын жылдам анықтауға және шешуге көмектеседі, - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.


Телеграм-чат арқылы оқушылар арасындағы буллинг фактісі де анықталды. Мәселен, Bala Qorgau telegram-ботына қысқа бойы мен ерекше келбеті үшін сыныптастарының мазағына қалған оқушыдан хат түсті. Мамандар баламен және оның сыныптастарымен әңгімелесіп, жанжал шешілді.


Сондай-ақ оқушылар арасындағы ақша талап ету жағдайларына қатысты өтініштер де түседі. Мысалы, телеграм-чатқа облыстардың бірінен 11-сынып оқушысы хабарласты. Комитет өкілдері оқушылар арасында қажетті жұмыстарды жүргізіп, педагогтердің назарын осы мәселеге аударды. Нәтижесінде бұл мәселе шешілді.



«Балаларға психологиялық қолдау қажет. Көптеген ата-ана жұмыстан қолы босамайды және балаларына көп уақыт бөле бермейді. Сол себепті ата-аналардан балаларына көңіл бөліп, әңгімелесуін, олармен жақын болуын сұраймыз. Осылайша қайғылы жағдайларды болдырмауға болады», - деп түсіндірді Элина Паули.



Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өтініш берушінің барлығына құқықтық және психологиялық қолдау көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02