конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

Әлеумет 24.12.2024, 19:40 1,055 Nursok82
Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды
ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ білімгерлерінің басқосуы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріне тоқталып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Дипломат Қазақстанның Әзербайжанмен саяси, экономикалық, көлік-логистикалық, қорғаныс, білім, мәдени және туристтік салалардағы ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Әзербайжан іске асырып жатқан ірі өңірлік жобалардың маңыздылығына назар аударды. Олардың арасында Орта дәлізді дамыту, Каспий теңізі арқылы интернет желісін және электрокабельді тарту бар.

Елші 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы қараша аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапармен төрт рет келгенін, мұндай қарқынның екіжақты қарым-қатынастарымыздың тарихында бұрын болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Ә.Байел Қазақстанның басты байлығы оның азаматтары екенін және Елшіліктің қазақстандықтар үшін әрдайым ашық екендігін айтты.

Іс-шара аясында Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттер «Орда» қазақ жастарының ұйымын құрды. Ұйымның мақсаты Әзербайжандағы қазақ студенттерін біріктіру және қолдау, мәдени байланыстарды нығайту мен түрлі іс-шаралар өткізу болмақ.



Осы тұрғыда Елші Ә.Байел Алтын Орданың 800-жылдығына орайластырылып құрылған жастар ұйымы атауының символдық мәнін атап өтті. Оның атуынша, мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтудің бір жолы – азаматтар арасындағы байланыстар мен достықтың дамуы. Осы тұрғыдағы оң көрсеткіштердің бірі – Әзербайжанда қазақ туристтері мен студенттері санының артуы.

Кейінірек отандастар ұлттық музыканы тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Баку #Қазақ жастары #студенттер #басқосу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);