Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бағдаршамды елемегендер емтиханды қайта тапсырады

Бағдаршамды елемегендер емтиханды қайта тапсырады

Заң мен тəртіп 23.01.2026, 09:32 209
Бағдаршамды елемегендер емтиханды қайта тапсырады
сурет: Алматы әкімдігі

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (ҚР ӘҚБтК) бес түрлі жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайда жүргізушілерге қайтадан теориялық емтихан тапсыру міндеттелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл бұзушылықтар бірден жүргізуші куәлігінен айыруға әкелмейді, алайда екі ай ішінде теориялық емтиханды қайта тапсыру қажет. Егер жүргізуші белгіленген мерзімде емтихан тапсырмаса, сот шешімімен куәлік күшін жояды. Құжатты қайтару үшін теориялық және практикалық емтиханды қайта тапсыруға тура келеді.

БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТІЗІМІ

594-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жол қиылысына немесе жолдың қиылысқан бөлігіне кептеліс кезінде кіріп, көлденең бағыттағы көліктердің қозғалысына кедергі келтіру.
Жаза: 7 айлық есептік көрсеткіш (30 275 теңге).
596-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілер жолымен, тротуармен немесе жол жиегімен жүру; көлікті жолда дұрыс орналастырмау; қарсы қозғалыс немесе маневр ережесін бұзу; ұйымдастырылған көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту немесе оның құрамына заңсыз қосылу.
Жаза: 13 айлық есептік көрсеткіш.
598-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосқан арнайы көліктерге жол бермеу.
Жаза: 40 айлық есептік көрсеткіш немесе 20 сағат қоғамдық жұмыс.
599-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.
600-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға (арнайы көліктерден басқа) жол бермеу.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бағдаршам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі