AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / БАӘ Трампты ерекше шаш биімен қарсы алды. Бұл қанд...

БАӘ Трампты ерекше шаш биімен қарсы алды. Бұл қандай дәстүр?

Мұны білген жөн 16.05.2025, 11:59 785 Дина
БАӘ Трампты ерекше шаш биімен қарсы алды. Бұл қандай дәстүр?
сурет: видео кадры

15 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Трамптың ұшағы Абу-Дабиге қонып, оны БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қарсы алды. АҚШ президентін әуежайда дәстүрлі "халиджи" биімен қарсы алған қыздардың өнері желіде қызу талқыланып жатыр. Олардың ұзын шаштарын шайқап билеуі – көрген жанды таңғалдырмай қоймайды. Аqshamnews.kz тілшісі ерекше бидің қайдан шыққанын тарқатады.

"Халиджи" - қандай би?

"Халиджи" сөзі араб тілінен аударғанда "шығанақ" деген мағына береді. Бұл би – Араб түбегіндегі Парсы шығанағы елдеріне ортақ мәдени мұра. Нақтырақ айтсақ, Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Бахрейн, Оман, Катар сынды елдердің ұлттық дәстүріне енген би түрі.

Шашпен билеудің ерекшелігі

Бұл бидің ерекшелігі – шаш қимылдарына негізделуі. Биші қыздар ұзын шаштарын тербеп, шайқап, әр түрлі бағытқа иіп, өзіне тән өрнекпен билейді. Бұл қимылдар нәзіктік пен ішкі қуатты бейнелейді. Шаш – әйелдің сұлулығы мен еркіндігінің символы ретінде қарастырылады.

сурет: ашық дереккөз

Қай кезде орындалады?

"Халиджи" биі тек ресми кездесулерде ғана емес, үйлену тойларында, мерекелерде, қыз-келіншектердің жиналыстарында да орындалады. Бұл – тек би емес, араб мәдениетінің нәзік коды, дәстүрге деген құрметтің көрінісі.

Трампқа әсері қандай болды?

Желі қолданушыларының айтуынша, Трамп бұл дәстүрлі биді жылы қабылдаған. Әлемдік саясат сахнасының тұлғасы үшін бұл ерекше қарсы алу сәті әрі шығыс мәдениетінің айқын көрінісі болды.

Трамп алдағы күндері Абу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барады және «Қаср әл-Ватан» президенттік сарайында ресми қабылдауда болады. 16 мамыр күні де Америка президентінің қатысуымен БАӘ-де бірқатар іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Трамп #Абу-Даби
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);