Жапонияда өткен ойындарда ол жылдамдыққа өрмелеу сайысында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
29 қараша таңертең алматылық спортшы, құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Спортшы Бостандық ауданындағы №63 мектепте орналасқан №230 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дамир Тоқтаров болашақ депутаттық корпустың жұмысынан не күтетінін айтып, балалар мен жасөспірімдер және жастар спортын дамытуға ерекше назар аударды.
«Алматы – мен жаттығатын әрі жарыстарға аттанатын қала. Мұнда балалар мен жастардың өзін спортта сынап көріп, көңіліне шын ұнайтын спорт түрін табуына мүмкіндік көп болғаны мен үшін маңызды. Депутаттар тұрғындардың пікіріне құлақ асып, осындай мәселелерге көңіл бөледі деп үміттенемін. Сондықтан бүгін дауыс беруге келдім», – деді спортшы.
Биыл күзде Дамир Тоқтаров спорттық құзға өрмелеуден Қазақстанға Азия ойындарының алғашқы медалін әкелді. Жапонияда өткен ойындарда ол жылдамдыққа өрмелеу сайысында қола жүлде иеленді.
Еске салайық, бүгін Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.