AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Әзірбайжандық мамандар тәжірибе алмасу үшін Алматы...

Әзірбайжандық мамандар тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына келді

Алматы Бүгін 14:47 72
Әзірбайжандық мамандар тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына келді

Екі тарап Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту» атты маңызы зор кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әрбір баланың бақытты балалығы мен қауіпсіз ортада өсіп-өнуі – шекара талғамайтын ортақ ізгі мұрат. Осы мақсатта Әзербайжан өкілдері Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына арнайы тәжірибе алмасу мақсатында келді. .

Халықаралық тәжірибе алмасу шараларында әдетте құрғақ статистика мен протоколдық есептер емес, жаһандық озық үлгілер, отбасы институтын нығайтудың тиімді тетіктері мен жас ұрпақтың әл-ауқатын арттырудың инновациялық тәсілдері қаузалады. Бұл жолғы басқосу да осы игі дәстүрді жалғастырып, екі туысқан елдің салалық мамандарының басын қосты.

Жиын барысында әзербайжандық құрметті қонақтар өз елдеріндегі балаларды қорғаудың ұлттық модельдерін ортаға салды. Олардың қатарында «Ümidli Gələcək STİB» («Надежное будущее») пен «Социальная поддержка семей и детей» қоғамдық бірлестіктері, «116111» балалар мен әйелдерге арналған сенім телефоны қызметі, «Tut Əlimdən» балаларды оңалту орталығы, сондай-ақ GIZ өкілдігі мен БАҚ сарапшылары бар. Олар гендерлік теңдік, отбасыларға шұғыл әлеуметтік көмек көрсету және қиын жағдайға тап болған жандарды оңалту бағытындағы құнды тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мегаполистегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін таныстырды. Шараға қатысқан ведомствоаралық комиссия өкілдері, Білім басқармасы, ПД Жергілікті полиция қызметі (ювеналдық полиция және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелері), сондай-ақ қалалық Психологиялық қолдау және Отбасын қолдау орталықтары мен ҮЕҰ өкілдері балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету, отбасын қолдау және отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасыларды ерте анықтап, оларды одан әрі сүйемелдеу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды баяндады.

«Бүгінгі халықаралық кездесу – балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы шекарасыз өзара іс-қимылдың жарқын үлгісі. Біз бауырлас Әзербайжан елінің озық тәжірибелерін зерделеп қана қоймай, өз елімізде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды, әсіресе отбасылық қолайсыздықты ерте анықтау және кейс-менеджмент тетіктерін әріптестерімізге кеңінен таныстырдық. Бала қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің басты басымдығы болғандықтан, мұндай тәжірибе алмасулардың берері мол», – дейді Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева.

Басқарма басшысының айтуынша, отбасылық қолайсыздықты ерте анықтау жүйесі мен балаларға кешенді көмек көрсетуді үйлестірудегі кейс-менеджмент (case management) озық тәжірибесі шетелдік әріптестер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Мұндай ауқымды халықаралық іс-шаралар балалардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, екі ел арасындағы әріптестікті сапалы жаңа белеске көтеруге зор үлес қосатыны сөзсіз.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Бүгін 15:35

Наурызбай ауданында медициналық инфрақұрылым дамып, жаңа емханалар ашылуда

Бүгін 15:25

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Бүгін 15:16

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Бүгін 15:13

Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);