ffin.kz

Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті

Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті Almaty-akshamy.kz

Бакуда Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері табысты өтті. Қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайту мақсатында өзара мәдени күндерді өткізу туралы тапсырманы биыл Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев берген болатын.


 Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел қатысты. 



 Мәдениет күндері аясында «Хассақ» этно-фольклорлық тобының жеке концерті мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры қойған «Қаракөз» спектаклінің көрсетілімі ұйымдастырылды. 


 Қорытынды мәдени шаралар 2023 жылдың 4 желтоқсанында Гейдар Әлиев орталығында өтті. Мұнда Қазақстанның бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды, онда әртүрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін қазақстандық жас суретшілердің 46 бірегей жұмыстарының экспозиц



иясы ұсынылды. 


 Министр А.Балаева көрменің екі халықтың мәдени жаңғыруының көрінісі екенін атап өтті. Көрмеде кескіндеме, графика, кестелеу, сәндік-қолданбалы өнер сияқты бейнелеу өнерінің дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері – инсталляциялар мен арт-нысандар қойылды.



 Өз туындыларын көрмеге қойған суретшілердің қатарында Әсел Сабыржанқызы да болды. Жас суретші ерекше кілемге сурет салу техникасын қолданады. Соның ішінде түркі тарихынан 14 әйел бейнесін жасаған. Ол Әзербайжан кілем мұражайын аралап, көргенінен шабыттанып, көрнекті ақын Хуршидбану Натаванның портретін салды. Портрет Әзербайжан Мәжілісінің төрайымына табыс етілді.  


 Мәдениет күндері Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты гала-концертімен аяқталды. Шараға Әзербайжан Парламентінің Төрайымы Сахиба Гафарова, Министрлер, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, депутаттар, шет мемлекеттердің Елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары, көптеген көрнекті мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері қатысты. 



 Құттықтау сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Әзербайжанның Қазақстан үшін тату көрші, адал дос және бауырлас ел екенін айтып, түркі әлемін бірге дамытып келе жатқанымызға назар аударды. Аида Балаева Әзербайжанның Мәдениет министрі Әділ Керимлиге және Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелге, сондай-ақ олардың ұжымдарына Мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізуге жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдірді.


 Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлішер Кәрімов, Медет Чотабаев, Әйгерім Бекетаева, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «IL Canto», «Виола», «T&Y» ұйымдары Фикрет Әміров атындағы Әзербайжан мемлекеттік ән-би ансамблі, «Ұлытау» тобы және «Сазген сазы» ансамблі өнер көрсетті. Әзербайжан жұртшылығы концертке тәнті болды. 



 Мәдениет күндері аясында ресми кездесулер де өтті. Әзербайжан Президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиевпен кездесуде мәдениет және ақпарат саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. 


 «Әзербайжан үшін Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынастар басымдыққа ие. Бізді Қазақстанның кинематографиялық тәжірибесі ерекше қызықтырады. Сіздерде анимация жақсы дамыған», - деді Х.Гаджиев кездесу барысында. А.Балаева бұл бағытта қолдау көрсетуге уәде берді. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының мұрағаты, анимациялық фильмдер мен «Балапан» балалар арнасының контенті Әзербайжанға берілетін болады.


 Министр, сондай-ақ, Х.Гаджиевтің жалған ақпаратпен күресу бойынша халықаралық медиа-форум өткізу туралы бастамасын қолдады. Тараптар Әзербайжандағы кабельдік операторлар желілерінде қазақстандық «Балапан», «Хабар 24», «Qazaqstan» телеарналарын көрсету және әзербайжандық CBC TV телеарнасын Қазақстанда тарату мәселелерін талқылады.




 Аида Балаева Әзербайжанның Мәдениет министрі Әділ Керимлимен де кездесті. «Біздің елдеріміз мәдениет саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты табысты дамытуда. Біз анимациялық фильмдер түсіру, ғылыми жобаларды жүргізу, ғылыми туризмді, мәдени волонтерлік, кітап шығаруды дамыту жұмыстарын күшейтуге, атап айтқанда, көркем әдебиетті қазақ тілінен әзербайжан тіліне, әзербайжан тілінен қазақ тіліне аудару, әзербайжандық шеберлердің қатысуымен жас суретшілерімізге шеберлік сабақтарын өткізуге мүдделіміз», - деді А.Балаева кездесуде. 


 Өз кезегінде Әділ Керимли әріптесіне әзербайжандық көрермендер үшін дайындаған бай мәдени бағдарлама үшін алғысын білдірді. Тараптар мәдениет, мұрағат ісі, ақпарат, волонтерлік және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Жол картасын талқылады. 


 Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллаhшүкүр Пашазадемен кездесуде рухани ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиынға Діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Мубариз Гурбанлы, Әзербайжан Парламентінің вице-спикері Фазаил Ибрахимли, сондай-ақ депутаттар, зиялы қауым және түрлі діни конфессия өкілдері қатысты.


 А.Балаева жиналғандарға Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда болып жатқан өзгерістер туралы айтып, Қазақстан мен Әзербайжанның барлық салалардағы жемісті ынтымақтастығы жалғаса беретініне сенім білдірді.


 Өз кезегінде Шейх Пашазаде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің Сьезге тұрақты қатысушы екенін және Қазақстанға әрдайым үлкен қуанышпен келетінін атап өтті. Пашазаде Астанадағы Съезді дін, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің басын қосатын ерекше диалог алаңы ретінде атап өтті.


 Іс-шаралар аясында Әзербайжанның Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен де кездесу өтті. Тараптар жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


 2024 жылы Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтедід еп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04