AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аз қамтылған отбасылардың балалары жылына 5 ретке...

Аз қамтылған отбасылардың балалары жылына 5 ретке дейін туристік экскурсияларға тегін бара алады

Әлеумет 19.10.2022, 09:39 1,563
Аз қамтылған отбасылардың балалары жылына 5 ретке дейін туристік экскурсияларға тегін бара алады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Экскурсияға 100-ден астам жасөспірім қатысты. 


Республика күні қарсаңында Алматы қаласының жастарға арналған демалыс орталықтарына келушілер танымал туристік орындар – Шарын шатқалы мен Көлсай көліне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тегін турды Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын отбасылардағы жасөспірімдерге (СӨСҚ) ұйымдастырды.



Бұл биылғы бесінші тур болды. 2022 жылы жасөспірімдер Ықылас атындағы (21, 22, 26 шілде) халық музыкалық аспаптары мұражайына, Есік көліне (8 қазан), Түрген шатқалына (9 қазан), Көшпенділер қаласына (15 қазан), Шарын шатқалы мен Көлсай көліне (16 қазан) барды. Бір күндік турға көлік, тамақтану және гид қызметтері кіреді.



Еліміздің басты көрікті жерлерімен және туристік орындарымен таныстыру тұрақты негізде жүзеге асырылады және әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасыларға арналған қалалық демалыс орталықтарында тәрбиеленуші 12 мен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар үшін тегін. Келесі жылы да 5 экскурсиялық тур өткізу жоспарлануда.


Сонымен қатар, туристік қызметпен айналысатын «Романтик» демалыс орталығына барған жасөспірімдер туризм және қауіпсіздік негіздерін, тактикалық ойындарды, картографияны меңгереді, туристік спорттық саяхаттарға шығады.


Алматыда мегаполистің барлық сегіз ауданында барлығы 150-ге жуық демалыс орталығы бар.  Бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға, жасөспірімдерге және жастарға көмек көрсетуге бағытталған.


Оқыту әр түрлі бағытта тегін жүргізіледі: мәдени-ағарту, әскери-патриоттық, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық, робототехника және т.б.



Демалыс орталықтарында шеберлік сыныптары, байқаулар, турнирлер, жарыстар, эстафеталар, тәрбие сағаттары, профилактикалық әңгімелер, кездесулер, көрмелер, экскурсиялар, саяхаттар мен акциялар түрінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.



Жоба аясында демалыс орталықтарында 500 үйірме мен секция ашылып, 155 000-нан астам адам қамтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экскурсия #Алматы #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);