AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Автожолдарды тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Автожолдарды тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Әлеумет 07.01.2023, 11:44 1,062
Автожолдарды тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр
сурет: sputnik.kz

Бір аптада кей өңірлерде жауын-шашын мөлшері екі айлық нормадан асып түскен.


1 қаңтардан бастап бүгінге дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс 126 рет шектелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жол қызметтері құбылмалы ауа райы салдарымен күресіп, тасжолдарды жауған қардан үздіксіз, күшейтілген режимде тазартып жатыр.


Абай және Шығыс Қазақстан өңірлерінде төрт тәулік бойы күн райы ашылмай тұр. Осыған байланысты бұл өңірлердегі тасжолдарда жағдай әлі де күрделі.



«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, бұл өңірлерде бір аптаға жетпес уақыт ішінде жауын - шашын мөлшері екі айлық нормадан асып түскен. Егер норма мөлшері 11-31 миллиметр болса, бұл өңірлерде 77 миллиметрге дейін жауын-шашын жауған. Жолшылар екі метрге жуық қарды тазалауда.



Бір жеті ішінде Абай және Шығыс Қазақстан өңірлерінде қар құрсауынан арнайы техника көмегімен 1 мыңнан астам көлік шығарылды.


Осы уақыт аралығында жолшы мамандар республикалық маңыздағы күре жолдар желісіне 7 мың текше метр көктайғаққа қарсы материалдарды септі.


1403 байланыс орталығының мамандары да күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Соңғы жеті күнде операторлар жол пайдаланушыларынан келген 30 мыңға жуық қоңырауды өңдеді.


Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту жұмыстары жалғаса бермек. Қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Автожолдар #Қардан тазарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);