Бұл шара қала тұрғындарына, соның ішінде сайлау учаскелеріне бара жатқан азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.
Күні бойы қалалық автобус пен троллейбустың барлық бағыты бойынша, сондай-ақ метромен жүру тегін.
Бұл шара қала тұрғындарына, соның ішінде сайлау учаскелеріне бара жатқан азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін қарастырылған.
Еске салайық, 29 қарашада Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап, сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.