Сайлауға қатысу әр азаматқа өз азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
29 қарашада аралас жекпе-жек түрлері бойынша Алматыда аға жаттықтырушы Дәулет Нұрланұлы қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты.
Дәулет Нұрланұлының айтуынша, сайлауға қатысу әр азаматқа өз азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол әр дауыстың ел болашағы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.
Дәулет Нұрланұлы Алматыдағы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде еңбек етеді. Сонымен қатар Saq Pro Team командасын басқарып, спортшыларды кәсіби турнирлерге дайындайды.
Еске салайық, бүгін Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.