AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық ж...

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық жастар үшінші алтын алды

Спорт 21.07.2022, 14:38 1,372 Almaty-akshamy
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық жастар үшінші алтын алды
Сурет: Дереккөз

Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді


Қазақстандық Денис Полубояринов 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Құрлықтық додада ол 81 келіде сынға түсті. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысымен 313 келі (140+173) салмақты бағындырды. Дереккөздің мәліметінше, енді ол 22 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында бақ сынайды. Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі) пен Әлішер Байбуров (67 келі) алтын алды. Сондай-ақ, Аружан Дәулетова (71 келі) күміс медальға қол жеткізді. Ал Ерасыл Омаров (55 келі) пен Азамат Төлген (61 келі) қола жүлдегер атанды. Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады. Сондықтан кейбір спортшылар екеуінде де сынға түседі. Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыр атлетика #спорт #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға тегін заң көмегі көрсетілуде

Бүгін 15:50

Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді

Бүгін 15:46

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Бүгін 15:44

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 14:52

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);