Оның мәлімдеуінше, ең алдымен бұл жобаларды даму әлеуеті жоғары ауылдарда іске асыру ұсынылып отыр.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд тенге қаржы бөлінді. Оған 2,2 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 5,3 мың шақырым көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың шақырым ауылішілік жолдар жаңғыртылды, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысан жаңадан салынды және қайта жаңғыртылды. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр», – деді вице-министр.
«Ауыл аманаты» жобасы да маңызды бастама болып табылады. Оның аясында объектілерде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлерді оқыту, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізіліп жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта шағын индустриалды аймақтар құру мәселесі пысықталып жатыр.
Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Болашақта елді мекендерге қажетті мамандықтар тізімін кеңейту көзделген. Жобаларды синхронды іске асыруды тиімді қамтамасыз ету және мамандандыруды айқындау
мақсатында скрининг жасалды. Скрининг деректері негізінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін басым бағыттар мен инфрақұрылымдық қажеттілік айқындалды.
Әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде барлық фактор ескеріледі. Кооператив құруға, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін, өнім өндірудің бүкіл циклін көздейтін жобаларға басымдық беріледі. Қатысушылардың өтініш берген сәтінен бастап микрокредитті алғанға дейінгі процестерді сүйемелдеу мақсатында автоматтандыру жүйесі жетілдіріліп жатыр.