Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдарда үш жыл ішінде 183 заманауи мектеп салына...

Ауылдарда үш жыл ішінде 183 заманауи мектеп салынады

Әлеумет 12.06.2023, 06:01 936
Ауылдарда үш жыл ішінде 183 заманауи мектеп салынады
Сурет: ашық дереккөз

2026 жылға дейін ауылдық жерлерде заманауи талаптарға сай 183 мектеп салынады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғылықты жеріне қарамастан орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кешенді іс-шараларды іске асыруда. Білім беру ұйымдарын жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ауыл мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру 2025 жылы толық жүзеге асырылады. Ауылдық жерлерге жоғары білікті педагогтерді тарту мақсатында мұғалімдер тапшы өңірлер үшін тиісті қолдау іс-шаралары топтамасымен Үздік педагогтерді тарту жөніндегі арнайы бағдарлама іске асырылуда. Бұл бағдарлама білікті және ынталы педагогтерді тарту және қалдыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.



Сондай-ақ Ә.Смайылов 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылатындығын атап өтеді.



«Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін ауылдық жерлерде заманауи талаптар мен бірыңғай стандарттар бойынша 183 мектеп салынады. 2022 жылғы шілде айынан бастап, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қоры бірлесіп, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруда. Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл балаларына сапалы білім алуға, ал мұғалімдер үшін кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға тең мүмкіндіктер беру», - деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #ауыл #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика